«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер Нұр-Сұлтан қаласындағы көп балалы отбасыға үй сыйлады

2019 жылғы 14 Маусым
10076 просмотров

«Iron Plast Group»  компаниясы «Менің Атамекенім» жобасының шеңберінде алты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үйдің (108 шаршы метр) кілтін табыстады

Осыдан аз ғана уақыт (бір ай) бұрын «Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» жобасы аясында мұқтаж жандарға үй сыйлағысы келетіндерін білдірген еді. Компания өкілдері бір ай ішінде www.atamekenim.kz порталынан пәтерге мұқтаж отбасыны таңдады.

Жібек Көшекбаева – «Күміс алқа» иегері, жалғызбасты ана. Жібек ханымды денсаулығына байланысты ешбір жерге жұмысқа қабылдамайды. Одан бөлек бір баласының мүгедектігі бар.

 «Біз бұл күнді ұзақ күттік. Пәтерді кімге сыйласақ екен деп көп ойландық... Жоба амбассадоры Тәңірберген Бердоңғар, «Кинопарк» кинотеатрлар желісі және де «Iron Plast Group»  компаниясының қолдауымен тосын сый жасаймыз деп шештік. «Менің Атамекенім» жобасының еріктілері Жібек пен оның балаларын серуендеуге шақырды. Отбасы мүшелері киноның соңы көптен күткен армандарының орындалуымен аяқталады деп ойламағаны анық. «Iron Plast Group» әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында тағы бір отбасы баспаналы болды. «Жақсылық вирусы» жобасы жарықтың жылдамдығымен ілгері басуда! Соның нәтижесінде елімізде осындай қуанышты сәттер көбейіп келеді», – деп «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры Ләззат Шыңғысбаева өз ойымен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер