«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

5 маусым күні Қазақстан Санкт-Петербургке сауда-экономикалық миссиясымен барады

2018 жылғы 21 Мамыр
2996 просмотров

5 маусым күні Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатсы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Санкт-Петербург сауда-өндіріс палатасымен бірлесе отырып, Санкт-Петербург қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.     

Іс-шараның негізгі мақсаты әлеуетті серіктестерді іздеу, екі өңір ынтымақтастығын арттыру және қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті ресейлік сатып алушылардың  кәсіби қарым-қатынасын дамыту.

Сауда-экономикалық миссия барысында отандық кәсіпорындардың ұсынысы негізінде қазақстандық мекемелер үшін ықтимал сатып алушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Айта кету керек, қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады. 

Өтетін орны: Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі 46-48, Санкт-Петербург сауда-өндірістік палатасы ғимараты,  2-қабат

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер