«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда Бухгалтерлер клубының кездесуі өтті

2018 жылғы 15 Мамыр
- Жетісу облысы
4140 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының алаңында Алматы облыстық Бухгалтерлер клубының отырысы ұйымдастырылды. Кездесуді Палата сарапшысы, Клуб модераторы Санат Түсіпов ашты.

Отырыс барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қабылдау бөлімінің жетекшісі Тілеуберді Жансеңгіров филиал жұмысымен жіті таныстырып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндірме жұмысы басқармасының басшысы Нағипа Абдуллина бухгалтерлерге есеп формаларын өткізу мерзімі, мөлшерлемелер, салықтарды тапсыру уақыты және бюджетке міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері жөнінде айтып берді.

Санжар Иманқұлов, мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы электронды шот-фактуралар бойынша сұрақтарға түсіндірме берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер