«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

1 қазаннан бастап бақылау-кассалық машиналарын қолданушылар тізбегі толықты

2018 жылғы 12 Қыркүйек
- Жетісу облысы
6158 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында сарапшы Санат Түсіпов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас мамандары Индира Әлкенова мен Шұғыла Қалибекова қатысуымен кезекті  «Салық қызметкерінің сағаты» өтті.

Қабылдау барысында кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану, электронды шот-фактураларды беру, артық төленген салық сомаларын қайтару және тағы басқа мәселелерді көтерді.

 Кәсіпкерлерге деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын қолданудың жаңа әдістері түсіндірілді. Бүгінде қаражатты есептеуде тіркеп алу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану 10 түрлі қызметте қарастырылған:

  • орман шаруашылығы материалдарды, құрылыс материалдарды және сантехника жабдығын көтерме бағамен сату;
  • металл бұйымдары, су құбыры, жалыту жабдығы және мүкәммалды көтерме бағамен сату;
  • компьютер, шеткері жабдық және бағдарламалық қамтамасыз етуді бөлшек сату;
  • аудио- және видеотехниканы бөлшек сату;
  • электрлік тұрмыстық техниканы бөлшек сату;
  • жиһаз, жарық жабдығы және басқа да тұрмыстық заттарды бөлшек сату;
  • қонақүйлерге қызмет ұсыну;
  • мейрамханалар және азық-түлікті жеткізу қызметі;
  • кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет;
  • шаштараз және сұлулық салондары қызметі ұсыну.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 16 тамызындағы №758 бұйрығына сәйкес тізбе 17 жаңа қызмет түрімен толықты, олар  2018 жылдың 1 қазанында күшіне енеді:

  • автомобильдер және жеңіл көлік құралдарын сату;
  • көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен заттарын көтерме бағамен сату;
  • автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен заттарын бөлшек бағамен сату;
  • сусындарды көтерме бағамен сату;
  • фармацевтикалық тауарларды көтерме бағамен сату;
  • фармацевтикалық тауарларды бөлшек сату;
  • текстиль бұйымдарын сату;
  • қапсырма бұйымдар, сыр-бояу материалдары мен шыны сату;
  • киім-кешек сату;
  • сағат және зергерлік бұйымдар сату;
  • ломбард қызметі;
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар орындайтын агенттіктер қызметі;
  • жылжымайтын мүлікті сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде басқару;
  • жарнама агенттіктері қызметі;
  • құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет;
  •  уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызмет.

 Осылайша 2018 жылдың 1 қазанынан бастап бақылау-кассалық машиналарды қолдану міндетті қызмет түрлері тізбегі 10-нан 27-ге дейін кеңейтілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер