«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмендер Қытайдың импортқа арналған көрмесіне қатыса алады

2018 жылғы 04 Мамыр
3793 просмотров

 

2018 жылдың 5-10 қараша күндері Шанхай қаласында (ҚХР) Қытай импорт көрмесі өтеді. Аталған көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы жоспарланып отыр.

Көрме үш бөлімнен тұрады:

1.     Ұлттық сауда-инвестициялық көрмесі;

2.     Бизнес-көрме;

3.     Халықаралық сауда форумы.

Көрмеге еліміздің ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің қатысуы үшін 200 шаршы метр көлемінде стенд бөлінді.

Іскерлік іс-шараға қатысам деушілер сауалнаманы толтырып, оны 15 мамырға дейін z.kashayeva@palata.kz  электронды мекенжайға жолдауы керек.

Қосымша ақпарат алу үшін: менеджер Қашаева Жұлдызға ж.т: 8 7172 27 96 16 (ішкі тел.214), ұ.т.: 8 701 555 86 53 хабарласуға болады.  

         Көрме жөніндегі толық ақпарат пен сауаланамны төменде келтірілген сілтемеден жүктеуге болады.   

 

 Сауалнама

Презентация 1

Презентация 2


Еншілес ұйымдар

Серіктестер