«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның азық-түлік өнімі 14-16 мамырда Шанхай көрмесіне қойылады

2018 жылғы 28 Сәуір
2068 просмотров

2018 жылдың 14-16 мамырында Қазақстанның азық-түлік өнімі  Шанхайда өтетін 4th China International Food, Meat and Aquatic Products Exhibition 2018 көрмесінде таныстырылады. Ауқымды шара National Exhibition and Convention Center-Shanghai көрме орталығында өтеді.

Бұл China International Food, Meat and Aquatic Products Exhibition 2018 көрмесі – тағам өнеркәсібіне арналған халықаралық ірі шаралардың бірі.

FMA China 2018 көрмесінде Сапа, инспекция және карантинді қадағалаудың бас басқармасы мен ҚХР Сауда министрлігі мақұлдаған және қолдау білдірген көпшілік назарына азық-түлік өнімдері, ет пен теңіз өнімдері қойылады. Бұл көрме Қытай аумағында шетелдік азық-түлік өнімдерді өткізудің және шетелдік компаниялардың танымалдылығын арттырудың кәсіби алаңы болып табылады.

Бұған дейінгі FMA CHINA көрмелері 70 000 шаршы мерт аумағында өткізіліп келген, оған Қытайдың және басқа да мемлекеттердің мыңдаған компаниялары тұрақты түрде қатысып келеді.

Іс-шара бағдарламасына конференция, семинарлар, сессиялар мен мәдени іс-шаралар енгізілген. Конференцияға 800-ден астам экспоненттер мен 50 мың қонақ қатысады деп күтіледі.

Бүгінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тапсырысы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қазақстан делегациясының аталған көрмеге қатысуын ұйымдастыруды қолға алды.

Көрмеге қатысуға қатысты сауалдарға жауап алу үшін: Нұрсұлтан Нұрабаевқа хабарласу керек: тел: 8 (7172) 27 96 16 (ішкі нөмір 214), email: export@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер