«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан кәсіпкерлеріне арнап Қытайда экспортты дамыту семинары өтті

2018 жылғы 28 Сәуір
1826 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Xi’an Silk Road Electronic Business компаниясымен бірлесіп, отандық кәсіпкерлер үшін Қытайдың Сиань қаласындағы сауда-логистикалық паркінде экспорттық өнімді дамыту бойынша бір апталық оқыту курсын ұйымдастырды.

Қазақстанның 20-дан астам кәсіпкері оқу аясында озық елдердің тәжірибесін алмасып қана қоймай, коммерция мен электронды сауданы жүргізудің қағидаттарын меңгерді. Мұнымен қоса, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының қолдау құралдары мен мүмкіндіктері туралы да ақпарат алды.

Бұл бастаманың мәні – Қытайдың қатысуымен өңірлік екі тараптың және жан-жақты механизмдері мен құрылымдарын нығайта отырып, халықаралық ынтымақтастық пен дамудың жаңа үлгісін қалыптастыру әрі өрістету жолдарын іздестіру.

«Электронды бизнеске қатысты мәлімет ерекше ұнады. Осының арқасында Қытай нарығында бизнес жүргізу, серіктес іздеудің кей тұстарын меңгердік. «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасын егжей-тегжейлі қарадық. Бұл бағдарлама бойынша жұмыстың жалпы түсінігі қалыптасты. Бұл курс Қазақстан тарапынан қатысушылар үшін ғана емес, Қытай тарапына да ақпарат алмасуға мүмкіндік берді деп септеймін», – деп атап өтті семинарға қатысқан «E-Commerce Center» қызметкері Лукина Ирина.

«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Жібек Жолын жалғастырып, жаңғырту негізінде мемлекеттердің экономикалық өрістеуіне ынталандырып, мәдени байланысты нығайтып, жан-жақты байланысты күшейтіп, бейбітшілік пен тұрақты дамуға ықпал етеді.

Анықтама ретінде:

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2014 жылдың 24 шілдесінде құрылған, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес компаниясы.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасына қойылған негізгі міндет – отандық бизнестің мүддесін сыртқы экономикалық салаларда таныту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер