«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер мемлекеттік органның қателігі үшін жауапты емес

2018 жылғы 27 Сәуір
- Шымкент қаласы
9464 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесменге жасаған жұмысы үшін ақысын алуға көмектесті.

Шымкенттік «Арсенал-Юг» компаниясы өткен жазда ОҚО Сарыағаш ауданында балалар сауықтыру орталығының ағымдағы жөндеуіне тендерін жеңіп алған болатын. Тапсырыс беруші – Сарыағаш ауданының білім бөлімімен  59,7 млн ​​теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Фирма құрылыс-монтаждау жұмыстарын 70 пайызын орындаған кезде, кенеттен тапсырыс беруші келісім-шартты қазынашылық органдарында тіркемегені анық болып, ол орындаған  жұмыстар үшін ақы төлей алмайтыны белгілі болды. «Арсенал-Юг» мемлекеттік мекемені сотқа беріп, істі жеңеді. Шындық кәсіпкердің жағында болған сияқты көрінді. Бірақ олай емес еді.

Компанияның сотқа шағым беруімен қатар, білім беру бөлімі де жеткізушіні келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы сотқа талап арыз береді. Атап айтқанда, мердігердің басқа компаниядан жалға алынған арнайы жабдығы (каток) ауыл шаруашылығы басқармасында тіркелмеген еді. Сот компанияны жосықсыз мердігер деп тапты. Алайда, «Арсенал-Юг» сот шешімімен келіспеді. Облыстық сотқа аппеляциялық шағыммен жүгінуге дайындықпен оған, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары көмек көрсетті. Сотқа қатысқан Палата заңгерлері тапсырыс берушінің негізсіз талаптары туралы дәлелдер келтіріп, соның салдарынан сот қайта қарау үшін істі экономикалық сотқа қайтарады. Экономикалық Сотта Білім бөлімі өз шағымынан бас тартады. Әділетсіздік осымен біткендей көрінді. Бірақ олай болмады.

Осы сот процестері өтіп жатқан кезеде, Мемлекеттік ішкі бақылау департаменті бөлімі компания жосықсыз мердігер деген негізге сүйеніп, сотқа келісімшартты бұзу туралы шағым береді.

«Біз қайтадан сотқа келісімшарт жасасқандығын, бірақ  қазынашылық органдарда тіркелмегендіктен, тапсырыс берушінің өз кінәсінен күшіне енбегендігін  дәлелдеуге тура келді. Біздің барлық үш сот ісіне қатысуымыздың нәтижесінде – компания жосықсыз тапсырыс беруші тізіміне енгізілмеді, келісім-шарт бұзылмады және жұмыстарына ақысы төленді», – дейді Палата сарапшысы Бекжан Тайғашов.

Осылайша,  мемлекеттік органның кінәсінен кәсіпкер бірнеше соттан өтуге мәжбүр болды, ал ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары болмағанда, ол мемлекеттік органдардың шабуылынан құтыла алмас еді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер