«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бұл шараның мақсаты – халыққа түсіндіру

2018 жылғы 26 Сәуір
- Шымкент қаласы
10762 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы қоғамдық тамақтар саудаланатын орындарының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шымкентте балмұздақтан жаппай улану оқиғасынан кейін, ОҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін балмұздақ сататын сауда нүктесі бар, кәсіпкерлікпен айналысатын әрбір бизнес өкілдерімен жеке кездесіп қайтқан болатын. Палатаның бұл бастамасын жергілікті «Отырар» телеарнасы да қолдады.

                                                                 

Қоғамдық тамақтандыру сауда орнын ашу анықтамалары мен жұмсақ балмұздақ өндіру талаптарымен қаруланған палата өкілдері түсіндірме «рейдін» тәттілер және гамбургерлер сату дүңгіршектері көп орналасқан Асқаров көшесінен бастады. Бірақ видеокамералар мен палата қызметкерлерін көрген сатушылар дүңгіршектерін дереу жабуға кірісті. Палата сарапшылары оларға: «Біз тексеруші орган емеспіз, керісінше біздің мақсат сіздерге, яғни кәсіпкерлерге кез келген тексеруден қорықпастан улану оқиғаларын болдырму үшін қандай талаптар сақтау қажет және қалай жұмыс жасау қажет екендігін жеткізу...»-деп түсіндіріп жатты.

Осындай түсінідірмеден кейін дүңгіршек иелері мен сатушылары қонақтарға қызығушылық танытты.

«Біз сізге адал және ережелерге, сондай-ақ барлық санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс жасауға шақырамыз. Сіздердің адалдықтарыңыз - бұл сіздердің тұтынушыларыңыздың қауіпсіздігінің кепілі», - деп атап өтті Палата сарапшылары қолдарындағы қағазда басып шығарылған жадынамаларды тапсырып.

Түсіндіру "рейдінде" ОҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Сабира Адамбекова кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша Палатаның анық ұстанымын атап өтті.

«Атамекен» ҰКП бірнеше мәрте адал, заңға бағынатын бизнес мүдделерін қорғауды қолдайтынын және қорғайтынын мәлімдеді», - деді ол. - Бірақ қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда, бизнес бұзушылықтар үшін толық жауапты болуы тиіс. Әрине, улану санитарлық нормалардың талаптарын сақтамаған жағдайда туындайды. Сондықтан біздің кәсіпкерлерге түсіндіреріміз: мұндай істерді болдырмау үшін, бірінші кезекте, заңнамалық талаптарды сақтау қажет».

Еске салайық, наурыз айының соңында Шымкентте «Южное» дүңгіршегінде жұмсақ балмұздақты пайдаланған адамдардың жаппай улануы тіркелген болатын. Бақытымызға орай, зардап шеккен адам жоқ. Кейінірек анықталғандай, дүкенде және балмұздақ өндіретін жерде толық антисанитариялық жағдай болғандығы мәлім болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер