«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризмде жетістікке жеткізетін жеті қадам

2018 жылғы 26 Сәуір
5893 просмотров

Алматыда өңір туризмінің дамуы талқыланды

24 сәуір күні Алматы қаласында  ҚР Премьер-Министрінің бірінші  орынбасары Асқар Маминнің жетекшілігімен Алматы өңірінің туризм дамуы мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, «Атамекен» ҚР ҰКП БасқармаТөрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, «Kazakh Tourism» ҰК Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, бейінді министрліктер мен бизнесмендер қатысты.

 Жиында бизнес белсенді түрде қауымдастықтарға тартылып, Жол карталары қалыптасуына қатысып жатқаны жайында айтылды. Өңірлік әкімдіктер туризм инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат бөлген. Юлия Якупбаеваның айтуынша, Қазақстандағы ішкі және көшпелі туризмнің ағыны әлі де ауқымды емес, инфрақұрылымға кеткен қаражат бюджетке қайтарылуына әлі ерте.  

 Осы ретте заңнамалық базаны жақсарту, визалық көші-қон режимін оңтайландыру бойынша жүйелі шаралар қолдануда және осы жұмысқа «Атамекен» түрлі алаңдар арқылы белсенді атсалысып отыр.

 «Халықаралық сарапшылар пікірінше, ішкі және көшпелі туризмнің ара-қатынасы шамамен 5-тен 1. Яғни шетелдік туристер Қазақстанды танымал жер деп тануы үшін жағдай жасау керек,сонда қазақстандықтардың өздері ел бойынша саяхаттайтын болады», – деді Юлия Якупбаева.

 ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша «Атамекен» жылдам нәтижеге жету үшін қарапайым 7 қадамды жүзеге асыруды ұсынады.

БІРІНШІ ҚАДАМ. Туристік автобустардың тұрақты орнын белгілеу. Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары демалыс күні сыртқа шығу бағыттары бойынша жүруге болатын бекет жайында білуі тиіс. Бұрын Алматы қаласында мұндай тұрақ Спорт сарайы маңында болатын, ол жерден тура Медеуге баратын автобустар тұрағы құрылған және тау бөкетеріне барам деушілердің қарасы қалын еді. Бүгінде сол үлгіде Көлсай, Үлкен Алматы каналы, қала бойынша ауқымды экскурсия және т.б, бағыттарын а баратын тұрақтарды қалыптастыруға болады.

 ЕКІНШІ ҚАДАМ. Еліміздің мәдени жерлерін фотоға түсіруге салынған тиымды алып тастау. Осы нысандарға арнайы сайттар құрып онда келушілердің пікірі мен бағалауын қадағалау мүмкіндігі болуы шарт. Келушілерге арнайы ойын және интерактивті аймақтарды құру. Бұл бастаманы жүзеге асыруды пилотты мұражайлардан бастап, тәжірибені бүкіл ел ішінде тарату керек.

ҮШІНШІ ҚАДАМ.  Ресей Федерациясының тәжірибесіне сүйенсек, компанияларға еңбек шығындарына жұмсалатын шығындар ретінде ел ішіндегі өз қызметкерлерінің қалғанын ұйымдастыру шығындарына жатқызуға рұқсат беру. Бұл шығындарға билет, қонақүй, экскурсиялық қызмет кіруі мүмкін. Төлемдердің құны жылына 1 адамға 300 мың теңгені құраса, онда ішкі туризмді айтарлықтай дамытады.  

ТӨРТІНШІ ҚАДАМ. Басқа мемлекеттер үлгісінде ел ішінде халықтың ұтқырлығын арттыру үшін ынталандыру жүйесін әзірлеу. Мәселен, турист Қазақстанның бірден 3 өңіріне барса, онда оның келесі саяхатына кететін жол шығындарын субсидиялау немесе оның төртінші саяхатына «ашық даталы» тегін билет беру. Өз әлеуетін алға тарту бойынша өңірлердің жоғары белсенділігін есепке ала отырып («Я и ты – выходные в Алматы» акциясын атап өткен жөн), бұл шаралар туристерді қосымша тартуға жол ашады.  

 БЕСІНШІ ҚАДАМ. Туристік орындарды аңызға айналдыру бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «ҚазақТуризм» ұлттық компаниясына бірігіп жұмыс атқаруды ұсыну.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылы бірге атқарған жұмысы нәтижесінде 250 аңыз жинақталған болатын. Өз кезегінде аңыздар контентті толтырып қана қоймай, сонымен қатар визуализация үшін негіз бола алады: кәдесыйлар шығару, көрнегі образдарды құру және өңірдің туристік әлеуетін арттырудың құралын жасау.

 АЛТЫНШЫ ҚАДАМ. Орталық Азия өңірі мен Ұлы Жібек жолы бойынша кешенді турларға сұраныс артып отырғанын ескере отырып, ауылды жерлерде мейман үйлерді құру бастамасын қолдау керек. Туристерге қызмет көрсету мақсатында мейман үйлерін ашу жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жақсы бизнес кейсі әрі жасанды құрылатын этно-ауылдардың тиімді баламасы болмақ. Осы ретте ауыл тұрғындарына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында мейман үйлерді құру бойынша оқытуды іске асыру маңызды.  

 ЖЕТІНШІ ҚАДАМ. Пилоттық режимде «5А» атты қытай жүйесіне сәйкес (инфрақұрылымға қолжетімділік, гид, сайт, білікті қызметкерлердің және т.б. болуы) Алматы мен Алматы облысы нысандарын инвентаризациялау жұмысын бастау.

 Базалық критериілер әзірленіп те қойылған. Бағалауды «ҚазақТуризм» ұлттық компаниясы және мүдделі сарапшылармен бірге 3-4 айда жүргізер едік.

Бұл шара іскерлік қоғамдастыққа да, Алматы мен Алматы облысына келетін туристерге де (әсіресе Азия аймағынан) нақты индикатор береді. Пилот сәтті жүзеге асқан жағдайда осы тәжірибені республиканың басқа өңірлеріне тарату мүмкіндігі туады.  

Барлық баяндамалар қорытындысы бойынша Асқар Мамин мемлкеттік органдар, сонымен қатар Алматы мен Алматы облысы әкімдіктеріне бірқатар міндеттер тапсырды: Алматы өңірде туризмді дамыту Жол картасын бірлесіп әзірлеу, қаржыландыруды талап ететін ірі жобалар тізімін әзірлеу,  Үкіметке ұлттық парктерде туризмді дамыту туралы ұсыныстар жіберу; мемлекеттік шекараны шекаралық қызметпен бірлесіп өткізу мәселелерін әзірлеу, Қазақстандағы қолөнер саласын дамыту туралы айтылған ұсыныстарды қолдау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер