«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада мектеп формасының көрмесі өтті

2018 жылғы 27 Сәуір
5219 просмотров

Астанада заманауи әрі гипоаллергенді мектеп формасын 8 мың теңгеге алуға болады

25 сәуір күні Оқушылар сарайында үшінші рет мектеп формасын отандық өндірушілердің форум-көрмесі өтті. Барлығы 20 кәсіпорын бас қосып, көрме қонақтары, ата-аналар комиеттері мен елордалық мектеп өкілдеріне өз өнімдерін ұсынды.

«Сайтымызда ірі өндірушілер тізілімі құрылған. Оған 13 кәсіпорын кірген, жылдан жылға тізім кеңейіп келеді. Әдетте бұл нарықта 18 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан сенімді кәсіпорындар ұысынлған. Көрме қатысушылардың басым бөлігі өнімдерін Қазақстан өңірлері үшін, сонымен қатар Ресей мен Өзбекстан нарығына да шығарады», – деді ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының өкілі Әсем Жұматаева.

Қазақстанда барлығы 118 кәсіпорын жеңіл өнеркәсіпке жұмылған. Көрме қатысушылары түрлі тауарларды көпшілік назарына ұсынды: көйлектер, белдемшелер, костюмдар мен кеудешелер, жемпір мен ерлер жейделері көздің жауын алды. Былтыр Астана базарларында мектеп формасының бағасы 12 мыңнан 35 мың теңге аралығында болды. Ресми дүкендерде ер балаға арналған мектеп формасы 20 мың теңгеден басталған.

 «Sens Fashion» жеке кәсіпкерлігі нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ал мектеп формасын 3 жылдан бері тігуде. Бүгінде кәсіпорын Астана мен аудандардың 30 мың оқушысына қызмет көрсетеді. Дайын өнімді тіпті мекенжайға дейін жеткізеді.

«Формамыздың ерекшелігі – қолжетімділігі. Өндірісте омбылық матаны қолданамыз, ол мыжылмайды. Өзімізде форма сапасын көрсету үшін оны киіп жүреміз. Сонымен қатар мектеп формасын басқа өлшемге айырбастай аламыз. Мәселен, балаға форма шілдеде алынып, қыркүйекте тар болып қалса, басқа өлшемге ауыстырып береміз», – деп хабарлады  компания менеджері Инеса Жармұхамедова.

 Бірінші сыныпқа арналған қыз баланың мектеп формасы құны – 8 800 теңге, ер бала формасы – 7 400 теңге.

 Менеджер Инессаның айтуынша бұл мектеп формасы оңып кетпейді, киіске ыңғайлы. Бұған дәлел оқу жылы аяқталғаннан кейін ауыл мектептерінің дәстүрлі жәрмеңкелер өткізуі. Бұл жәрмеңкелерде ата-аналар жоғары сынып оқушылардың мектеп формасын арзан бағада ала алады. Бейбіт Күлешікбаева балалары мектепке барған уақытта кәсіп бастаған. Екі баланың анасы ыңғайлы әрі сапалы мектеп формасы жайында ойланады.

«Менде аллергиям бар, сондықтар бірінші кезекте мата сапасына назар аудардым. Мата теріге әсер етпей, ауа өткізіп, табиғи болуы керек. Өтйкені баллар мектеп формасында күніне 8 сағат жүреді», – деді кәсіпкер.

 «Швейная фабрика школьной и детской одежды» цехы Петропавлда орналасқан. Қазақстан бойынша дүкеннің 8 дилерлік нүктесі бар. Тауарға арналған маталар мен фурнитура Түркиядан алынады. Сөрелерді тамашалаған №16 орта мектеп оқушысы 11 жасар Анастасия Тыченок өзіне бір-екі киім үлгісін таңдады.

 «Маған көйлектен гөрі, белдемшемен жүрген ыңғайлы. Мектепте көп отырамыз, сондықтан киім ыңғайлы болуы керек. Анам екеуміз мұндай көремеге бірінші рет келдік. Бізге тауар сан алуандығы ұнап отыр. Мектебімізде қою көк түс  форма қолданылады. Әдетте форманы дүкендерден аламыз, бүгін отандық өндірушілердің визиткаларын алдық, кейін сатып аламыз», – деді мектеп оқушысы.

 «MIMIORIKI» дүкені өзін бірден ыңғайлы әрі стильді киім үлгісін шығаратын компания ретінде көрсетті. Компания нарықта 25 жыл қызмет етеді. Соңғы 5 жылда ата-аналар сұрауымен мектеп формасын тіге бастайды. Ұл балаға арналған мектеп формасын бұл дүкеннен 15 мың теңгеге алуға болады.

 «Біз 12 жасқа дейін балалар киімін шығарамыз, алайда ата-аналардан үлкен мөлшердегі киім тігу бойынша ұсыныстар көп түседі. Балаларға ыңғайлы болсын деп форманы трикотаждан тігеміз. Біздің форманы Астанадағы ең сәнді форма десе болады», – деді Астана қаласы бойынша дүкен директоры Ирина Ипатова.

«GLASMAN» компаниясы ең стильді киім үлгілерін шығарушы атағына құлшынбады, есесіне ер балаларға арналған эксклюзивті жейделерді және бірегей ішкі қалтаны ел назарына паш етті. «Наша форма - Нашим школам»  жоба жетекшісі Павел Мирошниченконың айтуынша ішкі қалтаның элетромагниттік қасиеттері бар. Сонымен қатар мата құрамында күміс жіптер бар. Суық өңірлерге арнап фирма қалың шалбарлар тігеді. Мұндай шалбарлар жауын күні су болмайды, балалар тонбайды. Жалпы ата-аналарға көрмедегі тауарлар ұнады.

 «Сапа-баға критериіне сай келетін екі фирманы таңдадық. Олардың матасы мен фасондары тартымды. Мектебімізде қою көк форма енгізілген. Ата-аналар жиналысында осы фирмалардың үлгілерін ұсынатын боламыз», – деді №71 мектеп-лицейдің ата-аналар комитетінің мүшесі Валерия Латыш.

 №71 мектеп-лицей директорының тәрбие бойынша орынбасары Салтанат Күнпейісова мұндай көрмелерді тамыз айында өткізу орынды деп санайды, осы кезде мектепке дайындық науқаны қыза түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер