«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы нәтижесі – мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің табыс кілті

2018 жылғы 13 Сәуір
4354 просмотров

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік рәсімдерін жаңарту бастамасы мен кәсіпкерлердің аталмыш саладағы басты түйіткілдері Ұлттық палата жанындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын бақылау кеңесінің бірінші отырысының талқылау мәселелері болды

Заңнамалық актілерге енгізілуі тиіс басты өзгерістер – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісім-шарттарын нақты кепілдік ретінде банктердің қабылдай алу мүмкіндігі, жобаларға сараптама жасау мен келісім алу рәсімдерін жеңілдетілуі.

«Өткен жылы заңнама оңтайландырылды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазорталығының сараптамасы мен өңірлік орталықтардан басқа келісім берудің барлық сатыларын өткен келісім-шарттар енді рәсімдерді қайта өтуге мәжбүр. Біздің ұсынысымыз – өтілген келісім беру сатылары есепке алыну керек. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының статистикасына мүліктік кешенді сенімді басқаруды қосу тәжірибесі бар. Сол себепті бұл арада жоспарлауға байланысты біріңғай тәсіл дайындау қажет. Ұзақ мерзімді серіктестікті ұстанбайтын жобалар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы болып есептелудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Мемлекеттік жауапкершілікті қабылдау лимиттарымен басқару тиімдірек», – деді Юлия Якупбаева.

«Атамекеннің» бастамасын Астана қаласының әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова қолдады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік заңына өзгерістер енгізілген уақыттан бастап 4 ай көлеміндегі уақыт өтті. Алайда, заңға қосымша актілер биылғы жылдың тек наурыздың соңында күшіне енді.

«Бізде барлық жобалар тоқтап қалды. Қажетті келісімдерді алу мен жобаны дайындауға арналған сараптаманы алуға мүмкіндік болмады. Үкімет KPI бекітті – әрбір өңірде кемінде 5 жоба болу қажет. Алайда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары дегенде негізінде ондай жобалар болып табылмайтын жұмыстар айтылады. Сол себепті, лимиттар жоқтың қасы», – деді Мәлика Бектұрова.

Мәселелердің нақты бар екендігін Астана мен өзге өңірлерден айтылған мысалдар дәлелдейді. Олардың айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазорталығының оң сараптамасы алынбаған жобалар бойынша заңға қосымша актілердің қабылдануын күту қажет болды. Нәтиже ретінде рәсімнің едәуір тежеп қалуы.

«Бір де бір мәселе жауапсыз қалмайды. Біз талқылау алаңын ұйымдастыру үшін кеңес жұмысына депутаттардың, сарапшылардың, мемлекеттік органдардың ауқымды бөлігін жұмылдырып, түйіткілдерді талқылау мен шешу, сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстарын қолға аламыз. «Атамекеннің» түйіткілдер реестірін жүргізу бойынша жақсы тәжірибесі бар. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікте де дәл сондай жұмыс жүргізуді ұсынамыз. Реестр ҚР Ұлттық экономика министрлігі келісімін беру үшін Жол картасының негізі болмақ», – деді Юлия Якупбаева.

Кеңес төрағасы Аманжол Жамалов айтылған барлық мәселелер есепке алынып, кеңестің келесі отырысындағы есеп берудің негіззіне айналатындығына сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер