«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру саласында инвесторлар форум өтеді

2018 жылғы 26 Наурыз
- Жетісу облысы
5076 просмотров

Іс-шараға 200-ден астам мектепке дейінгі жеке ұйым қатысады 

29 наурыз Талдықорған қаласында «Балалық шаққа инвестиция» мектепке дейінгі білім берудегі инвесторлардың І облыстық форумы өтеді. Шара Алматы облысында жекеменшік мектепке дейінгі білім беруді дамытудың мүмкіндіктерін танытуға, басқару саласында тәжірибе алмасуға, сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру саласында негізгі тенденциялар мен даму бағыттарын анықтауға бағытталған. 

Облыстық форум Қазақстан мектепке дейінгі білім ұйымдары қауымдастығының филиалы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, облыс әкімідігі және Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен өтеді.

Іс-шараға Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Қазақстан мектепке дейінгі білім ұйымдары қауымдастығының президенті Лейла Күленова, обылс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, сондай-ақ прокуратура, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы, “Даму” қорының өкілдері мен жекеменшік балабақшалардың 200-ден астам басшылары қатысады.

Форумның ашылуы сағат 10:00-де Көрме кешенінің ғимаратында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер