«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстандағы серіктестік банкротқа ұшырау алдында тұрды

2018 жылғы 15 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5003 просмотров

Жосықсыз кәсіпорыннан зардап шеккен «Тасымал көлігі» ЖШС қайта жанданады

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үш жеткізушіден қызмет, тауарлық-материалдық құндылықтарды алған, одан кейін 2014 жылы тағайындалған директор басқарған уақытта жосықсыз кәсіпорын деп танылған.

«Бұл факторлар «Тасымал көлігі» ЖШС қалыпты жұмысының жалғастыруына кері әсерін тигізіп, несиелік қарызын туындатып, еңбекақы төлеуден де қарыз туындап, мемлекеттік сатып алуға қатыса алмаған, шотқа, мүлікке тыйым салынған», – деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Денис Жабин.

Нәтижесінде серіктестік жеткізілген құрылыс материалдарына 600 млн теңгеден астам соманы толықтай өтей алмаған.

Серіктестік басшысы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасынан сотта кәсіпорын мүддесін қорғауға көмек сұраған.

«Біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына кәсіпорынды қайта оңалту процедурасын енгізу негіздемесі мәселесін қарау туралы хат жолдадық, себебі осы шара туындаған күрделі жағдайда кәсіпорын үшін уақытылы әлі қажетті болып саналады», – деді ШҚО кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің сарапшысы.

Сонымен қатар несие берушілермен және уәкілетті органмен оңалту процедурасын қолдануда бизнес субъектісіне қолдау көрсету мүмкіндігі туралы келіссөз де сәтті жүргізілді.

Нәтижесінде сот серіктестіктің талап арызын қанағаттандыру, «Тасымал көлігі» ЖШС қатысты 5 жылға оңалту процедурасын қолдану туралы шешім шығарды.


Ұқсас жаңалықтар:

 «Восток-Инжиниринг» ЖШС-нан ақша талап етілген
5 Ақпан
2018
Шығыс Қазақстан облысы
Қар тазалау қызметінің төлемі қайтарылады
25 Желтоқсан
2017
Шығыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер