«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Восток-Инжиниринг» ЖШС-нан ақша талап етілген

2018 жылғы 05 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
5496 просмотров

Сот Курчатов қаласының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының кәсіпкерден 841,340 теңге қайтару туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартты

Кәсіпкер сотта  өз құқығы мен мүддесін қорғау үшін ШҚО Өңірлік кәспікерлер палатасына жүгінген. Өтінімді қарастыру барысында кәсіпкер тарапынан қажетті талаптар толық орындалғаны анықталды. Олар орындалған жұмыс актілерімен дәлелденіп отыр. 

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында құрылыс бөлімінде 2012-2016 жылдар аралығында «Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында тазарту құрылғылары мен кәріз құрылысы» жобасы бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жұмсалатын бюджеттік қаражаттардың заңдылығын аудиторлық тексеру жүргізілгені анықталды. Тексеру ҚР «Сатып алулар туралы» Заңын бұзылғанын көрсетті, өйткені 2013 жылғы 13 мамырдағы №6 техникалық бақылау қызметін ұсыну үшін бір дереккөзден «Восток-Инжиниринг» ЖШС-мен келісімшарт жасалды, оның құны 765 000 теңгеден асады.Оның ішінде 76 350 теңге толық көлемде төленген. Жалпы сатып алу бойынша кәсіпорынмен қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы 1 595 381 теңгені құрады.

 «Тексеру көрсеткендей Заңның 32-бабына сәйкес 1 595 381 теңгеге шарт жасалады, ондағы  1 595 381 теңге сомасы дұрыс көрсетілмеген. 2013 жылға қарастырылған 830 381 теңгеден басқа «Вотсок Инжиниринг» ЖШС бағалық ұсыныстары бойынша 2012 жылы 3 765 000 теңге мөлшерінде құрылған қаржыны үнемдеу заңсыз қосылған. Осылайша Құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алулардың  Заңның 3-бабы 1-тармағында көрсетілген сатып алуларға пайдаланылатын қаржыны тиімді әрі оңтайлы жұмсау құқықтық реттеу принципін бұзып отыр», – делінген сотта.

Осыған байланысты Құрылыс бөліміне жергілікті бюджеттің кірісіне 841 340 теңгені қайтару ұсынылды. Мемлекеттік құрылым өкілдері өз кезегінде бұл соманы кәсіпорыннан өңдіруді көздеді.

Алайда, сот шешімімен аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша жіберілген қателіктер тапсырыс беруші тарапынан болғанын көрсетті. Мердігер бұған қатысы жоқ, өйткені техникалық қадағалауға арналған шарт бір дереккөзден жасалып, шарт жобасы қызметті атқаруға бекітілген сомамен тапсырыс беруші өзі тапсырған, ала жауапты оған әсер ете алмайды. Сонымен қатар шарт бойынша жауапты барлық жұмысты 2013 жылы орындап қойған. Демек, мемлекеттік орган тарапынан талап қою мерзімі назардан тыс қалған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер