«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыстағы трамвай паркін бірте-бірте тоқтан ажыратып жатыр

2018 жылғы 26 Ақпан
3896 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында 3 шағын станцияның біріне электр энергиясын беру тоқталды. «Құралдар зауытынан бастап, «Защита» ықшам ауданына дейінгі аралықты жүріп өтетін №3 трамвай қызмет көрсетпеді. Бұл бағытпен трамвай паркінің жолаушылар ағымының 30% тасымалданады.

Қазіргі таңда «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ге тағы бір қосалқы станцияның тоқтан ажыратылғаны туралы хабарлама берілген, бірақ кейіннен басша шешім қабылданған. Трамвай паркінің директоры Анатолий Успенскийдің айтуынша, энергетиктер барлық станцияларды ажырататындықтарын хабарлаған. Барлық трамвайды паркке қоюды талап етіп отыр. Мұндай жағдайда  басқа да трамвай маршруттары тоқтап қалары анық.

Анатолий Успенский трамвай паркіндегі жағдай жедел қарқынмен орын алып отырғаны соншалық, ес жиып үлгере алмай жатқанын айтты. Өзіне қарсы жасалып отырған мақсатты кампания екеніне сенімді.

«Жергілікті билік тарапынан жасалып отырғанды басқа ештеңемен байланыстыруға болмайды. Осылайша жұмыс істеуге мұрша бермей отыр. Жергілікті билік банкке тапсырма беріп, ШҚО мемлекеттік кірістер департаментіне мені қылмыстық жауапкершілікке беру туралы арыз жазуды сұраған», - деді парк директоры.

Қалада трамвай паркін құтқару үшін жеке кәсіпкерлік қызметі қолдан шектеліп отырғандай әсер қалдырады.

Еске салсақ Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің автокөлікпен тасымалдаушыларға қосымша ауқымды үстеме салық салғаны туралы мәселе де билікке жетті.

«Трамвай паркі осындай жағдайда алты жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бізге кәсіпкерлерді іріктеп қолдау көрсетпейтіні түсініксіз, себебі басқа тасымалдаушылар да осындай жағдайда жұмыс істейді», - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Трамвай паркінде айтарлықтай күрделі жағдай орын алды. Екі апта бұрын бейресми дереккөздерінен билік Алматы трамвайларын сатып алғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты шенеуніктер жариялауды жөн санамаған. Кейін «Ертік» ӘКК республикалық бір басылым журналисінің қойған сауалына растайтын жауап берген.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың есептік кездесуінде трамвайлар тоқтатылмайтынын айтты.

«Кеше банктің бастамасымен процедура өтті. Банк өз қарызын өтету керектінің білесіздер, кеше осы процедура жүзеге асты. Енді таяу уақытта банк сауда-саттыққа қояды. Біз заңға сәйкес сауда-саттыққа қатысамыз. Бүгін трамвайлар тоқтатылған жағдайда, оларды кез келген уақытта алмастыратын автобустар дайындалды. Бірақ трамвайлар тоқтатылмайды. Біз бұл мәселені қарадық. Алматыдан жаңа болмаса да, айтарлықтай жақсы, техникалық сапасы әлдеқайда оңды трамвай алдық, қазіргі трамвайларға қарағанда жолаушылар үш есе көп сыяды», - деді әкім.

Алматы трамвай паркі Чехияда өндірілген KT4Dt маркалы трамвай вагондарды 2013 жылы сатып алған, ол 1983-1995 жылдар арасында шығарылған. Оның ішінде алтауы 1983 жылы жасалса, төртеуі ­– 1985 жылы, 1986, 1987, 1995 жылдары шығарылған бір-бір травмвай вагоны бар. Былтыр бұрын қолданылған, бірақ пайдалануға жарамды трамвайларды Павлодар алады деген ақпарат тараған.

Алайда кейіннен бұл ойдан айныған. Алматы вагондарына қатысты қызықты деректерді Kapital.kz  жазған еді.

Интернет ресурс Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары тура сол маркалаы он вагон туралы жазған,  Wilhelm Schok Ost-West e.К компаниясы Ижевсктің мунипальдық кәсіпорнына сатқан. Алайда одан кейін дау туып, трамвайлардің қолдану мерзімі өткен, ауропалық стандарт бойынша пайдалану жолаушылардың өміріне қауіпті екені жазылды. Дәл сол уақытта 2013 жылы Wilhelm Schok Ost-West e.К 17 трамвай вагонын «Алматыэлектротран» ЖШС-на сатқан. 2015 жылы трамвайлардың бірнеше апаттық оқиғасынан соң, бұл қоғамдық көлікті мүлдем алып тастау мәселесі көтерілген. Былтыр «Алматыэлектротранс» ЖШС басшылығы трамвайлар қоқысқа кететінін айтқан. Алайда соңғы оқиғаларға көз жүгіртсек, Шығыс Қазақстан облысының билігі пайдаланылған трамвайлардың ахуалына алаңдар емес. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер