«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралдық кондитерлік кәсіпорын дамудың жаңа қарқынында

2018 жылғы 15 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
10527 просмотров

Балзия Евенееваның жеке кәсіпкерлігінің нарықта жұмыс істеуі уақытында халықтың көңілінен шыға білген

 Оралда «Балзия» атты сауда маркасын білмейтін жан жоқ. Кәсіпкер Балзия Евенеева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы ұн және кондитерлік өнімдерін шығаратын жеке цех ашады.

«2011 жылы мен алғаш рет кондитер цехын аштым, 7 жыл өткен соң өндірісті кеңейттік. «Бизнестің жол картасы-2020» мен несиелік мөлшерлеремені субсидия алдым. Біз ғимарат сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргіздік, жаңа ресейлік жабдық сатып алдық. Біздің кондитерлік цех түрлі балкүлше, бәліш, тоқаш өндіреді, осымен тоқтап қалмай, көктемде германдық печенье өндіретің шағын цех ашу жоспарымызда бар. Тағы бір жаңалығымыз біз ұлттық тағам – етке арналған «Іңкәр»  атты дайын қамыр жасауды бастаймыз», – деді кәсіпкер.

 БҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Сәкен Қариннің айтуынша бұл кәсіпорын экологиялық таза өнім шығарады.  

«Мені цехты кеңейту таныстырылымына шақырып, жаңарған цех бойынша экскурсия жүргізді, жаңа заманауи жабдықтың мүмкіндіктерін тамашаладық. Балзия Евенеева қаламызда кондитер өнімдерін шығару бойынша көшбасшы, жеке кәсіпкерлік өнімдері бүкіл Қазақстанға таралып отыр. Шығарылатын өнім экологиялық таза. Табыс формуласы апробациялынып, тәжірибемен тексерілген. Цехтың жаңарауы мен кеңеуі, жаңа жабдық кондитер бизнесінде жаңа белестерді бағындыруға жол ашады. Біз өңірдегі кәсіпкерлердің әр жетістігіне қуанамыз, – деді Сәкен Қарин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер