«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аспазшылық: Польша-Астана

2015 жылғы 12 Тамыз
- Астана қаласы
11223 просмотров

Елордалық Кәсіпкерлер палатасында польшалық «Корона» аспаздық компаниясының Астанадағы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен іскерлік кездесуі өтті

Кездесу ынтымақтастық келешегін талқылау, жаңа іскерлік байланыстар және аспаздық, кондитерлік өнімдер өндіру саласында әріптестік орнату мақсатында ұйымдастырылды. Польшалық компания өкілдері осы саладағы жобаларын таныстырды. Олар сонымен қатар сауда желілерін басқару саласында ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді: олар елорданың бөлшек сауда нүктелерінде болып, олардың әлеуеті мен Астана тұрғындарының қажеттіліктерін зерттеп те үлгерді.

«Біз үшін Қазақстан стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес болып табылады. Мұнда аспаздық өнімдер өндірісін жөнге салуға және оларды тарату желісін кеңейтуге дайынбыз. Және де біздің ұсынысымызды елордалық кәсіпкерлердің қолдайтынына сенімдіміз», - деп атайды польшалық делегация өкілдері.

Елордалық Палата өкілдері қонақтарға Астананың инвестициялық әлеуеті жайлы айтып берді. Келіссөздер барысында қазақстандық астықты Польшаға экспорттау туралы, сонымен қатар елордада аспаздық және кондитерлік өнімнің бірлескен өндірісін құру келешегі жайлы келісуге қол жеткізілді.

Кездесуге қатысушылар польшалық және қазақстандық өндірушілердің бірлескен қызметінің келешегінен үміт күтуге болатыны жайлы ой айтысты. Келіссөздерден кейін польшалық кәсіпкерлер қазақстандық «Цесна-Астық Концерні» өндірістік кәсіпорнына және бірқатар ұлттық компанияларға баруға тілек білдірді. Елордалық Кәсіпкерлер палатасы іскерлік келіссөздер ұйымдастыруға көмектесуге дайын екендерін жеткізді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер