«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТАРАЗДАҒЫ АВТОПАРКТЕР КӨМЕК СҰРАЙДЫ

2018 жылғы 09 Ақпан
- Жамбыл облысы
8555 просмотров

Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың қажеттігі туралы мәлімдейді

Тасымалдаушыларға қолдау көрсетілмесе, ескірген автобустар жаппай істен шығуы мүмкін, салдарынан жолда қатынау қаупі артып, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әсер етеді.  Бұл туралы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте «ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС басшысы Рашид Пірманов айтты.

Қаладағы ең ірі автопарктердің бірі «ӘулиеАтаТрансПасс» компаниясының басшысы (190 автобус),  өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген «Жүк және жолаушыларды тасымалдау» қауымдастығының мүшесі Рашид Пірмановтың айтуынша, біраз уақыттан бері қордаланған бұл сұрақты шешетін уақыт келіп жетті.

«Соңғы жылдары жанар-жағармай отындарының бағасы өсті. Бұл автопарктердің жұмысына салмақ салды, көлік компанияларын қымбатшылық қысты. Тасымалдаушылардың басым көпшілігінде несиеге алынған көліктердің өтеуі бар.  Алайда біз тек парктерді жаңартуды мақсат етпейміз, сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдау жағдайы мен жұмысшыларымыздың қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейміз», - дейді Рашид Пірманов.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл салаға түбегейлі өзгеріс қажет. Егер де парктер мемлекеттің қолдауынсыз жұмысын жалғастырса, бірнеше жылдан кейін қолданыстағы көліктерді қамтуға қауқарсыз болып қалады, бұл есесіне қызмет сапасын төмендетеді.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек атап өткендей, қазіргі таңда Тараз қаласында барлығы 11 автопарк бар. Компания көліктерінің 50 пайызы ескірген. Ал, туындаған проблеманың басты себебі қоғамдық көлікте жүру үшін төленетін қолданыстағы тарифтің өзіндік құнына қарағандағы айырмашылығы екен. ҚР «Автомибиль көлігі» туралы Заңының 19-бабына сәйкес бұл айырма жергілікті атқарушы билік тарапынан субсидиялануы тиіс.

«Бізге қаладағы автобус парктерінен шағымдар келіп түсуде, көбісі қазіргі жағдайды жолақы тарифінің төмендігімен байланыстарыды. Қолданыстағы 65 теңгелік жолақы құны несиені өтеу, автобөлшектерді сатып алу, қызметкерлердің жалақысын көтеру сынды қажетті шығындарды жаппайды.   Автобус парктері басшыларының ойынша,  Тараз қаласындағы жолақының нақты бағасы 95 теңгені құрауы тиіс. Алайда, қарапайым халық үшін жоғары тариф әлеуметтік қиындық туғызары анық.  Осыдан барып қаладағы парктерді субсидиялау мәселесі туындаған. Ол үшін барлық керекті нормативті-құқықтық база қарастырылған. Қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын автопарктерді субсидия арқылы жолақының қымбаттау мәселесінен арылуға болады», – дейді Мәріпбек Шәкербек.

Қазіргі таңда жоғарыда айтылған Қауымдастықпен Тараз қаласы «Жүк және жолаушыларды тасымалдау» ЗТБ жұмысының басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары әзірленді. Олардың бірі – жергілікті атқарушы органдарға жолаушыларды тасымалдауда мемлекеттік қолдауға қатысты ұсыныстар енгізу. Бұл жоспар облыстық Құрылыс және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына жіберілді. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 6-ақпанында Палатаның және жолаушы тасымалшылардың  ұстанымы бойыншап принципті түрде келісім алынды.

Жақын күндері облыстық жолаушыларды тасымалдау Қауымдастықтың мүшелерімен кездесу жоспарлануда. Басқосуда субсидияландыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Игорь Шацкий: «Дау тез шешіледі деген үміттеміз»
29 Қаңтар
2018
Шығыс Қазақстан облысы
Шипажайларды күйрете жаздаған өзгеріс
7 Желтоқсан
2016
Жамбыл облысы
Зейнеткер үшін кім төлейді?
9 Қыркүйек
2015
Жамбыл облысы
Тараз туристік орталыққа айнала ма?
1 Қыркүйек
2015
Жамбыл облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер