«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тараз туристік орталыққа айнала ма?

2015 жылғы 01 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
13666 просмотров

Сайттың жоқтығы Жамбыл облысын туристік нысан ретінде дәріптеу ісін тежеп отыр

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында жергілікті туристік фирмалар мен қонақүйлер директорларының «Астаналық туризм қауымдастығы» ЗТБ директоры Рысты Қарабаевамен кездесуі өтті. Пікірталас барысында туристік фирмалар басшылары өздерінің облысында әлі күнге дейін ежелгі Тараздың әсем өңірлері туралы сайт жоқтығына алаңдаушылығын білдірді.

Кәсіпкерлер туристерді тарихы 2000 жылдан асып кететін әрі Ұлы жібек жолы басып өткен Ежелгі Тараздың тарихи маңыздылығы жайлы хабарсыз деп есептейді. Тараздықтардың тарихи аңыз құрастыруының қажеті де жоқ. Қарахан мен Айша Бибі махаббаты, ежелгі Ақыртас кешенінің шешілмеген құпиясы жайлы қазақ халық аңыз-әңгімелері кеңінен танымал. Мұнда қызғалдақтың сирек кездесетін түрлері гүлдейді, бірегей табиғи нысандар орналасқан.

«Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының басты бағыттарының бірі туристік кластерді дамыту болып табылады. Статистикалық деректерді негізге ала отырсақ, туризм индустриясының табыстылығы деңгейі жөнінен мұнай өндіруден кейін екінші орын алатынын айта кету керек. Мысалы, көрші жатқан Қырғызстанда Ыстықкөл көлінің арқасында туризм аса зор табыс әкеледі», - деп атады Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.

Оның айтуынша, қырғыздық әріптестер табысының басты құраушысы туристік сервис деңгейінің жоғарылығы және қалыптасып қойған инфрақұрылым болып табылады. Тараздық кәсіпкерлердің осыған назар аударғаны дұрыс.

«Біздің туристерді тарта отырып, жолай туристік қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнесті дамыта отырып, өңірдегі туристік кластерді дамытуымыз қажет. Осының есебінен облыс бюжеті толығады»,- деп есептейді Қарлығаш Аралбекова.

Осы идея неге жүзеге аспайды?

Нарық қатысушыларының ойынша, бар мәселе жарнама ресурстарының жоқтығында.

Астаналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры Әйгерім Мұхамеджанованың айтуынша, күллі әлем туристері саяхаттау сапарларын жоспарлау кезінде ресейлік «Трипадвизор» сайтын пайдалана отырып, қандай да бір туристік нысандарға қатысты өз ойларымен бөліседі. Бірақ ол сайтта Тараз қаласында тек 5 мейрамхана, 8 қонақүй және 7 негізгі көрнекі орын көрсетілген. Пікірталасқа қатысушы ВВС телеарнасы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша сұралғандардың 90%-ы ақпаратты интернеттен алатынын айтқанын жеткізді. ВВС сарапшылары сонымен қатар Еуропа турситерінің 60%-ы Ұлы жібек жолы бағытына қызығушылық танытатынын анықтаған.

Интернет-кеңістіктегі Жамбыл облысы турлы ақпараттың жетіспеушілігі облыстың туристік сұраныс шетінде қалып қоюына себеп те болған шығар.

«Мен көп саяхаттаймын, көптеген елдерде болдым, бірақ 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласы жайлы ешкім білмейді. Тарих және облыстағы тамаша орындар туралы жеке сайттың болмауы туризм дамуындағы кедергілердің бірі болып табылады», - деп «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер өз ойымен бөлісті.

Сұрақ: Тараз туралы арнайы сайтты құруға кім күш салуға тиіс? Ал басты сұрақ – бұл жұмыс кімнің есебінен жүргізілуге тиіс? Өкінішке орай, пікірталасқа қатысушылардың ойы бір жерден шықпады… 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер