Халық игілігіне бағытталған іскерлік бастамалар
Ұлттық палатаның сәтті жүзеге асқан әлеуметтік жобалары таныстырылды
Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскер азамат – ел тірегі» атты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа бағыты және «Атамекенім» акциясының таныстырылымына арналған брифинг өтті.
Брифингтің негізгі спикерлері – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры – Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Бизнес коммуникацияларын мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев, «El Tiregi» шағын және орта бизнес қауымдастығының Басқарма төрағасы Мирхат Мұсанап болды.
Шара барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері былтыр сәтті басталып, жемісін беріп жатқан жобаларын жайын хабарлап әрі адами капиталды дамытуда қолға енді алынып жатқан жобаларды таныстырды.
2017 жылдың қыркүйек айында республикалық деңгейде ауқымды қозғалыс – әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын «Атамекенім» қайырымдылық акциясын бастап кетті. Айта кетелік, аталған акция қызу қолдау тауып, кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына, мұқтаж жандарға материалдық көмек атқаруда.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясы туған жерді қолдау мақсатында Ұлттық палата қолға алған «Атамекенім» акциясы негізіне алынды. Мақсат – әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. «Атамекенімнің» миссиясы – жомарт жандардың еңбегін паш етіп, өзгелерге үлгі ету, әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау.
«Атамекенім» акциясы былтыр қыркүйек бастау алды. Бірақ кәсіпкерлер мұқтаж жандарға көмектеседі. Өңірдегі қажеттілікті білу үшін арнайы Әлеуметтік мәселлер тізілімі құрылған болатын, соған қарап кәсіпкерлер көмек көрсете алады. Қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан басқа жомарт жандардың еңбегін бағалайтын арнайы «Парыз» Сыйлығы қарастырылмақ», – деді Бауыржан Оразғалиев.
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017 жылы 15 мың ауыл тұрғынын оқытуды көздеді, 2018 жылдан бастап бұл көрсеткіш екі есе ұлғаяды, тиісінде 30 мың адамға білім беріп, оның ішінде 6000 білім алушы өз кәсібін ашуы керек немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейте алады.
«Былтыр «Бастау Бизнес» жобасы республиканың түкпір-түкпірінде сәтті жүзеге асып, халықтың көңілінен шықты. Жоба бойынша бірінші жыл жоспары 100%-ға орындалы. Бүгінде «Бастау Бизнес» жобасының 2017 жылғы жоспары 100% орындалған. Білім алған 15 мың қатысушының 56%, атап айтқанда 8285 қатысушы бизнес-жобасын қорғады. Ал оның ішінде 3314 – жеке кәсіп ашты, кәсібін өрістетті. Биыл кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке кәсіп ашамын деушілердің қарасы қалың ауданда жүргізілсе сәйкесінше аудан орталықтары саны да ұлғаймақ. Былтыр «Бастау Бизнес» 80 ауданда жүргізілсе, биыл 160 ауданды қамтиды. Осы ретте қажетті бизнес-тренерлердің пулын дайындап жатырмыз», – деді Бауыржан Оразғалиев.
«Атамекен» ҚР ҰКП мектеп бағдарламасына «Кәсіперлік пен бизнес негіздері» пәнін енгізуді ұсынды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы қолдады. Министрлікпен бірлесіп оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған пән 2018 жылы элективті негізде енгізіледі.
«Қазіргі таңда әр өңір бойынша мектептерде пән жүріп жатыр. Оқушылардың қабылдауы мен қызығушылығы жақсы. Бұл пәннің әдістемесі «Бастау Бизнес» жобасы мен шетелдік тәжірибе негізінде дайындалды. Жалпы құрылым балаларға ойын арқылы, қызықты мәселелер арқылы тақырып түсіндіріледі. Жалпы пән элективті түрде мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр, яғни мұғалімдер мен ата-аналар келісе отырып, бұл пәнді таңдау бойынша оқу бағдарламасына қоса алады», – деді Олжас Ордабаев.
Спикердің айтуынша әр баладан кәсіпкер дайындау мақсат емес. Кәсіп ашудан басқа, жастарға критикалық ойлау, есептей білу,қаржылық сауаттылық, прагматизм сынды басқа да мамандықтарға, өмірде қажет машықтар үйретіледі.
«Элективті пән 2019 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап республика бойынша мектеп бағдарламасына енгізіледі. Пән енгізілмей тұрып ұстаздар легі дайындалады. Жалпы пән теорияға ғана емес, практикалық ойындарға негізделген. Яғни жоғары сынып оқушысы ойын жаттығулар арқылы 2 жыл ішінде бизнес-жоспар құрып, жобасын қорғайды», – деді Олжас Ордабаев.
Өз кезегінде «El Tiregi» шағын және орта бизнес қауымдастығының Басқарма төрағасы Мирхат Мұсанап «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Іскер азамат – ел тірегі» қосалқы бағдарламасын таныстырды. Жобаның идеясы жас кәсіпкерлерді таныту, жобаның операторы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып отыр.
Жоғары аталған жобалар «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен қолға алынған әлеуметтік мәні жоғары, қоғам дамуына үлес қосып, іскерлік сауатты жетілдіретін өз алдына толымды жобалар. Жақсылыққа шақырып, көп жандарға жылу сыйлайтын «Атамекенім» акциясы «Іскер азамат – ел тірегі» атты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа бағытына сәйкес халқына жанашыр нағыз азаматтарды танытады. Ал «Бастау Бизнес» бірегей жобасы халыққа өз әлеуетін сынап, кәсіп ашуға шындайды, өзін-өзі жұмыспен қамтып, өзгерелерге жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Тегін кәсіпкерлік білім алған ауыл тұрғындардың қаржы сауаттылығы артып, білімі кеңееді. Адами капиталды дамытуда қолға алынып отырған «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» – жастарды кәсіпке болашақ мамандықты таңдамай тұрып баулиды. Мектеп пәні кәсіпкерлікке икемі бар мыңдаған жастарға бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: