«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» жобасы- «Халықтың сүйіктісі - 2018» ұлттық сыйлығының жеңімпазы

2018 жылғы 23 Желтоқсан
7307 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау» білім беру жобасы «Халықтың сүйіктісі - 2018» сыйлығының «Жыл таңдауы» номинациясында жеңімпаз атанды.

Сондай - ақ, биылғы жылдың «Халықтың сүйіктілері» арасында ғалым Төрегелді Шарманов пен актриса Самал Еслямова, ал «Жылдың үздік әлеуметтік кәсіпкерлігі» ретінде Ақтөбедегі «Глобал-Спецодежда»  өндірістік бірлестігі аталды. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы «Бастау» жобасы бойынша 28,5 мың адам оқып шықты. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлікке 12 модуль бойынша 30 күн бойы білім алды. Нәтижесінде, 7 мыңнан астам тыңдаушы өз ісін ашты. Бір жылға жоспар 100%-ға орындалды, ал Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары жоспарды 160% - ға асыра орындаған.

13 желтоқсанда Астанада өңірлердегі кәсіпкерлермен жұмыс істеген үздік жаттықтырушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер