«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тасымалдаушыларға 4,5 млрд теңге қосымша салық салынған

2018 жылғы 25 Қаңтар
5287 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысында Мемлекеттік кірістер департаментінің шешімі салдарын талқылады

 Шығыс Қазақстан облысы автобуспен жолаушы тасымалдаушыларына Мемлекеттік кірістер департаменті шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде қосымша ақы салған.

Бұл мәселе Бірлескен қызмет туралы шарт салдарынан туған.  Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеуінше келісімшарт жасауда маршрутқа қызмет көрсету құқығы жасырынған, ал бұл Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына қайшы әрекет. 

Дегенмен келісімшарттар заңсыз деп танылған жоқ. Олардың шарттары бойынша тасымалдаушылар жарна ретінде қарапайым бірлестікке автобустарды ұсынады, ал Жеке кәсіпкерлік өз кезегінде кондукторлар мен жүргізушілердің жұмысын ұйымдастырады. Билеттерді сатудан түскен табыс салықтық есепте жеке кәсіпкерлік табысы сияқты көрсетіледі, басқа табыстар тасымалдаушылардың иелігінде.

ШҚО  Өңірлік кәспікерлер палатасы осы мәселемен Мемлеттік кірістер департаментіне сілтеме жасай отырып, Прокуратура мен мемлекеттік оргнадарға жүгінген. Облыс прокуратурасы Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарландыруларды жою туралы наразылық білдірді, бірақ сәйкес әрекет жоқ.

«Қарастырылып жатқан мәселе Шығыс Қазақстан обылыс ыүшін әлеуметтік мәнге ие, өйткені өңірде қоғамдық көлік толығымен қызметін тоқтатса, салдары қоғамда әлеуметтік күйзеліске әкеп соғады. Бұл қауіп әбден орын алуы мүмкін, салынған қосымша салық көлемі күннен күнге өсіп, бүгін 4,5 млрд теіге соманы құрап отыр. Тіпті тасымалдаушылардың шотын бұғаттаудың өзі автобустарды бағыттарға шығаруға кедергі келтіреді, өйткені жанармай алынбай қалады», – деді Серік Төрегелдин.

Талқылау барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жанғарашев салынған салық заңды деп танылуын түсіндірді.

«Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес жол ақысы үшін берілетін билет қолма қол ақша бер арқылы тасымал заңды деп танылады, шарт орындалды деген сөз. Бұл жағдайда барлық жол жүру билеттері  тасымалдаушылар, заңды тұлғалар атынан болған. Осы тасымалдаушылар Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ШҚО көлік департаментімен шарт жасаушы тарап ретінде пайдалану бойынша есеп тапсырып тұрған. Осы ретте билеттер бойынша өндіріс көлемін салықтық есепте көрсетпей келген», – деді Азамат Дүйсенбеков.

Мемлекеттік кірістер комитеті осыған ұқсас жағдайлар бойынша басқа өңірлерде талдау жүргізіліп,бақылау шаралары жасалғаны жайында хабарлады. «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кәсіпкерлерді барлық кезеңдерде құқықтары мен мүдделерін қорғайтындарын жеткізді.

«Облыста тасымалдаушылар банкротқа ұшырауы мүмкін, ал бұл жаңдай халыққа қызмет көрсетуді тежейді, әлеуметтік салдар орын алуы мүмкін. Бас Прокуратура бұл істі тез арада қарап, мәселеге нүкте қоюы керек деп санамаймыз. ҚР Қаржы министрлігі де бұл мәселеге мін беруі тиіс. Кеш болмай тұрғанда оңтайлы шешім табу керек!» – деді  Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер