«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада Іскер әйелдер кеңесі жаңа бастаманы қолға алды

2018 жылғы 08 Қаңтар
- Қызылорда облысы
12831 просмотров

Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы мен «Бизнес-Молодость Казахстан» қауымдастығының бас директоры бірлесе жұмыс жасау жайында меморандумға қол қойды 

Бұдан былай Іскер әйелдер кеңесі облыста кәсіппен айналысқысы келетін қыз-келіншектердің біліктілігін көтеріп қана қоймақ, нақты көрсеткіштерге қол жеткізуін қамтамасыз етпек.

«Бизнес-Молодость Казахстан» Қауымдастығы – азаматтарға өз кәсібін ашуға көмектесетін мектептің негізін қалаушы ұйым.

Айта кету керек, осы жылдың 3 қаңтарында «Бизнес-Молодость Казахстан» Қауымдастығы Қызылорда қаласында ісін жаңа бастаушыларға арналған тегін тренинг өткізген болатын. Аталмыш шараға 150-ден астам қызылордалық қатысқан. Нәтижесінде осы шарадан іріктеліп алынған 24 азамат «Цех» және «Цунами» атты арнайы қарқынды курстардан өтетін болды. Бұл курстарға қатысушылар кәсіпті жүргізудің заманауи құралдарымен танысып, бизнес-процесті жүргізуді үйренеді.   

«Бизнес-Молодость Казахстан» Қауымдастығының бас директоры Людмила Кучкова: «Біздің өніміміз тек кәсіпкер болғысы келген немесе ісін дамытқысы келген азаматтарды оқытып қана қоймай, кәсібін жүргізуде нақты көрсеткіштерге қол жеткізуімен құнды. Біздің курсқа қатысып, нәтижеге қол жеткізбеген адамдар жоқтың қасы. Біз саннан гөрі сапаға басымдық береміз», - дейді.

Меморандум арасында қос тарап аймақ тұрғындарын кәсіпкерлікке баулуға қатысты білікті мамандарды шақыра отырып, оқыту курстары мен семинарлар өткізіп отырмақ.

«Біз, Іскер әйелдер кеңесі, үш жылдан бері облыс тұрғындарының кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін көтеруде түрлі компаниялармен бірге жұмыс жасадық. Дегенмен, оқыту бар да, одан нәтиже шығару және бар ғой. Бұл ретте «Бизнес-Молодость Казахстан» Қауымдастығының ұсынып отырған өнімдері біздің көңілімізден шықты. Яғни біз алдағы уақытта Қауымдастықпен бірге  жерлестерімізді оқытуда теориямен қатар практиканы да қатар алып, ісін ашуға, табысын көбейтуге, кәсібін дамытуға нақты көмектесетін боламыз», - дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова.  

Айта кету керек, «Цех» курсына өткен 24 қызылордалық өз оқуларын онлайн режимде ақпан айының үшінші онкүндігінде бастайтын болады.

Ал оған дейін қызылордалықтар 19 қаңтар күні өтетін «Цунами» курсына тегін қатыса алады. Қатысуға ниет білдірушілер Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Амановаға хабарласуларына болады (8 705 901 90 10).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер