«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жыл қорытындысы: Ұлттық палата кәсіпкерлерге қалай көмектесті?

2018 жылғы 04 Қаңтар
6047 просмотров

Ұлттық палата 92,5 млрд теңгеден астам сомада кәсіпкерлердің құқығын қорғады

2013 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың қазан айы аралығында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне бизнесті қорғау бойынша 21 280 өтінім түскен. Өтінімдердің 44%-дан астамы оң шешілді. 92,5 млрд теңгеден астам сомада кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

2017 жылдың 9 айында түскен өтінімдерді сала-салаға бөлетін болсақ, олардың 20% – кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар арасындағы дау, 12% – жер қатынастары, 9% – салық салу, 9% – әкімшілік кедергілер, 8% – сатып алулар бойынша түскен.

Өткен жылдары жер (12%) және салыққа (9%) қатысты өтінімдер көп жолданған еді, 2017 жылы кәсіпкерлер арасындағы дауға қатысты өтінім басым. 2014 жылы 8,4 млрд теңгеге құқық қорғалған, ал 2015 жылы – 14,4 млрд теңге, 2016 жылы – 28,9 млрд теңге, 2017 жылдың 9 айында 40,8 млрд теңге.

Шешілмеген мәселе үнемі бақылауда, ал жаңадан түскен өтінім бекітілген тәртіп бойынша қаралады. Жалпы үдеріс өтінімдер санының азаюына, қорғалған құқық сомасының артуына қатысты орын алңан. 2016 жылдың 9 айында 5400-ден астам өтінім түссе, 2017 жылдың осындай мерзімінде – 4044, яғни 25%-ға азайған.

2017 жылдың 9 айында бизнес-омбудсмен аппаратының өңірлік секторларына бизнес қорғауға қатысты 3 471 өтінім түскен. Ең көп өтінім, атап айтқанда 527 өтінім Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында – 392 өтінім, Ақмола облысында – 307. Батыс Қазақстан облысында ең аз өтінім түскен – 77, одан кейін Атырау облысында – 112, ал Астана қаласында – 126.

Жеке мүлікті қалай сақтауға болады?

Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі құрылған.

2017 жылдың 9 айында Өңірлік кеңестер 89 отырыс өткізіп, 221 мәселені қарады. Нәтижесінде 303 ұсыныс шығарылып, оның 147 ұсынысы (42%) қолдау тапты, 19 ұсыныс кәсіпкерлік субъектілірінің құқығы мен заңды мүддесін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға қатысты.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің бастамасымен Мемлекеттік кірістер департаментінің Қазыбек би ауданы бойынша ҚҚС әкімшіліктендіру бөлімінің басшысы заңнамада қарастырылмаған талаптарды заңсыз қойғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО Өңірлік кеңесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Этика жөніндегі Кеңесімен біресіп ауылдық округ әкімінің кәсіпкерді заңсыз тергегені үшін жауапқар тарту бастамасын көтерді. Әкім лауазымдық қызметінен төмендетілді.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Этика жөніндегі Кеңесте Жаңаөзен қаласы Рахат аулы әкімінің жауапкершілігін қарауға ұсыныс білдірді. Ол «West Mangystau» ЖШС ауыл аумағын санитарлық тазарту бойынша қызмет көрсетуге қатысты азаматтық сот жүргізу тәртібінде өзі негізсіз бастаған сот тергеуін тоқтатты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі Өңірлік кеңес үшін бірнеше ұсыныстар берді:

  • Кеңес жұмысын өңірдің ерекшелігін ескере отырып, кәсіпкерлердің өтінімдеріне талдау жасай отырып ұйымдастыру;
  • Кемінде айын бір рет жиын өткізу;
  • Мемлекеттік және басқа да органдарға берілген ұсыныстардың нәтижелілігін тұрақты түрде қарау;
  • Лауазымдық тұлғалардың заңнаманы бұзып, кәсіпкерлердің құқығын негізсіз шектеуге алып келген дерегі анықталған жағдайда Этика жөніндегі кеңеске өтініш хат жолдау;
  • Қаралатын мәселелерді тереңірек талдау үшін жұмыс топтарын құру;
  • Аудандарға, ірі кәсіпорындар мен мекемелерге көшпелі отырыс тәжірибесін қолдану, прокуратура органдарымен және мемлекеттік қызмет департаменттерімен және т.б. бірлесіп мәселелерді қарауға бастама көтеру.

2017 жылы Кеңес бірнеше мәселеге қатысты 8 отырыс өткізді:

1. «Санитарлық ереже мен норманы қолдануда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қаупін азайту шаралары туралы» (14 ұсыныс, ҚР ҰЭМ, МҚІжСЖҚІҚА, ЖС, ӨКП);

2. «Өтінімдер мен шағымдарды қарау кезінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау шаралары туралы» (11 ұсыныс, АШМ, ИДМ, МҚІжСЖҚІҚА, БП, ӘМ, «Самұрық-Қазына», ӨКП);

3. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысы» (3 ұсыныс, ӨКП);

4. «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупін азайту шаралары туралы» (22 ұсыныс, Үкімет, ҚМ, ЖС, ӨКП);

5. «Жалған кәсіпкерлікпен байланысты түйткілді мәселелер» (4 ұсыныс, ҚМ, ЖС, БП, МКД);

6. «Көлік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупін азайту шаралары туралы» (12 сұыныс, ИДМ, ҰЭМ, ІІМ, БП);

7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен көлеңкелі экономиканы азайтуда кәсіпкерлік субъектілері мен экономикалық тергеу қызметінің өзара іс-қимылы туралы» (15 ұсыныс, Үкімет, МКД, БП, ІІМ, ИДМ, ӨКП);

8. «Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестерінің жұмысы туралы» (14 ұсыныс, ӨКП).

Мемлекеттік органдардың бизнеске жасайтын қысымы азайды

Бас прокуратурамен бірлескен жұмыстың нәтижесінде құқық қорғау органдарының бизнеске жасайтын қысымы күрт азайған. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Салық немесе азаматтық-құқықтық дау бар, салық тексеруі актісін қосымша бермей, салық заңнамасы саласындағы заң бұзушылыр туралы, азаматтық-құқықтық мәмілені орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамағанға негізделген заң бұзушылықтар туралы өтінім мен хабарламаны тіркеуге тыйым салынды. Бұл кәсіпкерлердің қылмысқа тартылуын төмендетті.

Қозғалатын қылмыстық іс саны 82%-ға азайды – 7900-ден 1400-ге дейін. 2016 жылдың соңында сотталған 640 кәсіпкерге экономикалық қызметті қайта бастауға мүмкіндік берген амнистия жүргізілді.

Қылмыстық заңнаманы гуманизациялау, кәсіпкерлік салада құқықтық бұзғаны үшін санкцияны азайту жұмысы бірлесіп атқарылды. Заңнаманы дайындау барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Қылмыстық кодекстің 25 бабына қатысты ұсынысы ескерілді, атап айтқанда «жалған кәсіпкерлікті» алып тастау (215-бап), «салық төлеуден жалтару», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу», «тауар белгісін заңсыз пайдалану» және т.б. түрлеріне қатысты істі бірінші рет жасаған тұлғаларды жауапкершіліктен босатуға қатысты 6 бап қосылды.

8 бапта қылмыстық қателік үшін айыппұл көлемі 500 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін және екі бапта – 300 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін азайтылды. Бұл тәсілдер 2017 жылы 3 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне қатысты толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңында көрсетілген.

2017 жылдың 23 қарашасында «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» бизнесті қорғау бойынша ІІ форум өтті. Бас прокуратурамен 2018 жылға арналған бірлескен Жол картасы бекітілді. Оған әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ары қарай да жетілдіруге қатысты іс-шаралар енгізілді.

«Атамекеннің» мемлекеттік органдардың жұмысына ұсынысы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттыұ палата Ынтымақтастық жөніндегі келісімді жүзеге асыру Жол картасын бекітті. Жол картасы аясында 2017 жылдың басынан бері кәсіпкерліктің 16 саласында сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау бойынша бірлескен қоғамдық мониторинг ұйымдастырылды. Салық, кедендік әкімшіліктендіру, экология, ветеринария және санитарлық-экономикалық қадағалау, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі, көлік бақылауы және басқа да салалар қамтылды.

Мониторинг қорытындысы өкілетті мемлекеттік органдар, қоғамдастық пен кәіпкерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Мемлекеттік органдар анықталған сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша іс-шаралар жоспарын дайындады, ұсыныстар орындалу деңгейінде.

280 ұсыныс дайындалды, оның 62% нормативті-құқықтық актілердегі, 38% - ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупімен байланысты.

Мемлекеттік органдар ұсыныстарды орындау үшін шаралар қабылдап келеді, атап айтқанда:

  • Денсаулық сақтау саласында – дәрілік заттарды сатып алуды Қаржы министрлігінің электронды сатып алу сайтының платформасында электронды форматқа ауыстыру мәселесі зерделенуде;
  • Ауыл шаруашылығы саласында – заңнама аясында сақтауды талап ету, тасымалдау мен пестицидтерді қолдануды бұзғаны үшін санкциялар нақтыланды, карантиндік сертификатты беруден бас тарту үшін негіздеме реттелді және т.б.
  • Мемлекеттік сатып алу саласында – Әлеуетті жеткізушілердің шағымдары реестрі енгізу, Мемлекеттік сатып алу мен «Самұрық-Қазына» сатып алулар веб-порталындағы электронды алаңда алдын ала біліктілігі ойынша іріктеу жұмысы жүргізіліп келеді;
  • Салық әкімішіліктендіру – жаңа Салық кодексінің жобасында өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жылына 1 реттен артық өткізбеу туралы шектеу нормасы қарастырылған, Салықтық әкімшіліктендіру жүйесінің интеграцияланған жүйесі дайындалуда;
  • Кедендік әкімшіліктендіру саласында – дискрециялық уәкілеттікті, әкімшілік кедергілер мен бюрократиялық әуре-сарсаңды жою мақсатында Кеден кодексінің жаңа редакциясы дайындалуда, кеден бекеттерінде бақылау күшейтіліп, делдалдар қызметі жойылуда;
  • Сәулет және қала құрылысы саласында – ашықтық пен айқындылық мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әкімдіктердің ресми сайтында жоспар жобасы мен елді мекендердегі инженерлік коммуникация кестесі туралы ақпаратты орналастыру мәселесі талқылануда;
  • Жер қатынастары саласында – жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскесін алу үшін есепте тұрған тұлғаар туралы бірыңғай республикалық мәліметтер базасын енгізу жұмысы жүргізілуде;
  • Көлік бақылауы саласында – қолданыстағы САИС жұмыс қабілетін қалпына келтіру (өлшеу жабдығын жөндеу, метрологиялық сараптама жүргізу), кореялық ENB Group компаниясы өндірген Reaction-LoadcellPlate негізінде жасалған САИС орнату бойынша пилоттық жобаны болашақта МЖӘ механизмін қолдана отырып жүзеге асыру, «Көлікті цифрландыру» жобасы бойынша инвестициялық ұсынысты дайындау және т.б. мәселесі зерделенуде.

Квазимемлекеттік секторды реттей ала ма?

2016 жылдың басынан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы жауапкершілікті арттыру, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау жұмысына қатысып келеді (ҚМ).

«Атамекен» ҚР ҰКП берген ұсыныстардың бірқатары заң жобасына енді, атап айтқанда:

1) сатып алуды бақылау бойынша орталықтандырылған қызмет. Оны холдинг, ұлттық компаниялардың Директорлар кеңесі құрады. Оның қызметіне холдинг, ұлттық компанияның сатып алуын бақылау кіреді;

2) квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы заң бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік;

3) сатып алуларға қол жеткізудің бір тетігі (сатып алу жүйесімен – мемлекеттік сатып алулармен, «Самұрық-Қазына» және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен интеграцияланған ақпараттық жүйе). Ұлттық палата қол жеткізудің бір тетігін құру, сүйемелдеу және қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Қазіргі таңда заң жобасы мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде (Үкімет мен ҚР Әкімшілігінде қараудан кейін, қайталап). Одан кейін «Атамекен» ҚР ҰКП заңнаманы келісуге және оның ҚР Парламентінде қаралуына қатысуды ойластырды.

«Атамекен» мен Жоғары Соттың форумы – байланыс жетістігі

2017 жылдың 7 желтоқсанында Ұлттық палата ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесіп, «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғау тиімділігін арттыру» тақырыбында форум өткізді. Оған «Атамекен» ҚР ҰКП мен Сожары Сот өкілдері, Парламент депутаттары, судьялар, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Бейне-конференция арқылы өңірлердегі жергілікті сот судьялары, мемлекеттік орган мен бизнес-қоғамдастық өкілдері байланыстырылды.

Форум барысында 2018 жылғы бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Бұл жоспар кәсіпкерлер даының сот тәжірибесіне талдау жасау, орталық және өңірлік деңгейде ақпараттық әсер ету, бірлескен алаңда бизнес мәселесін талқылау, Жоғарғы Сот жанындағы кеңес отырыстарына «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерін қатыстыру іс-шараларын қарастырады.

Жасанды интеллект енгізу, арбитраджы өндірісті жетілдіру, сот жүйесін бағалау үшін кәсіпкерлер арасында бірлескен зерттеу жүргізу мүмкіндіктерін зерделеу де бар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер