«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Контейнерлеу – жүк тасымалдаудың модальдылығы мен бәсекеге қабілеттілігі

2017 жылғы 26 Желтоқсан
9061 просмотров

Бүгінгі күн тәртібінде контейнерлік тасымалдау тарифтерінің икемділігі 

2017 жылдың 25 желтоқсанында «Атамекен» алаңында «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ басшылығы, Қазақстанның ұлттық экспедиторлар мен жүк жөнелтушілер одағы темір жол көлігі арқылы жүкті тасымалдау қызметіндегі баға қалыптасу мәселесіне байланысты кезекті отырысы өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов отырысты ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Басқарма төрағасының орынбасары контейнерлік тасымалдаудың нарықта аз көлемде қолданылуы мен баға қалыптасуы оның ары қарай дамуына кері әсерін беретіндігі жайында айтты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы басшысы – «ҚТЖ – жүк тасымалдау» АҚ Президенті Оралхан Құлақов аталған мәселе жайында ҚТЖ ұстанымын айтып, вагондардың жетіспеушілігін контейнерлік қызметпен шешуге болатындығына тоқталды. Алайда уәкілетті органдар реттейтін, жоғары баға қалыптасу қымбат емес әрі сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

«Темір жол арқылы тасымалдаудың жалпы көлемінен контейнерлер арқылы тасымалдау көлемін (0,8%) және осы көрсеткішті жыл сайын төмендету үрдісі байқалады. 2015 жылдан бастап контейнерлік тасымалдауда қалыптасқан станция аралық поездық желі қызметі тарифтеріне нарықтық баға қалыптасып, алайда қымбат жүктерді есепке алмағанда контейнерлік жүк тасымалдау тарифтері вагондықтардан 2-2,5 есе жоғары. Контейнерлік тасымалдау қызметін нарықтық баға қалыптасуға көшіруді ұсынамыз және осы арқылы тарифтерді теңдестіруге, Қазақстаннан экспортталатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға қол жеткіземіз», – деді Оралхан Құлақов.

Отырыс қатысушылары темір жол көлігі арқылы жүкті тасымалдау қызметіндегі баға қалыптасу мәселесіне контейнерлік тасымалдау арқылы реттеуді жүзеге асыруды мәселесін қарастырды.

«Вагондардың маусымдық тапшылықтарын ескере, контейнерлік тасымалдаудың тарифтерін төмендету жүк жөнелтушілерге экспорттық өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

Отырыс нәтижесінде бір апта көлемінде барлық мүдделі тараптардан ұсыныстарын жинақтап, жұмысты жүзеге асыру алға мақсат етілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер