«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ерекше балалармен» қалай жұмыс жасау қажет: Қазақстанға жаңа әдіс керек

2017 жылғы 25 Желтоқсан
- Ақмола облысы
22503 просмотров

Күн тәртібінде мүгедек балаларды мектепке дейінгі ерекше оқыту мәселесі қарастырылуда

Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдарының қауымдастығы (ҚМДҰҚ) мен «Асыл бала» республикалық қауымдастығы «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен мектепке дейін білім беру жүйесінің ерекше оқыту мәселесін дөңгелек стөлде талқыға салынды.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар дамуда білімді тек арнайы мекемелерде ғана емес, қарапайым балабақша мен жалпы білім беру ұйымдарында ала алады. Арнайы білім беру жалпы білім беру жүйесінің құрамына кіріп, ерекше білім беру деп аталады.

«Қазіргі таңда бұл бағытта көптеген жұмыс жасалды. Алайда ерекше білім беруде әлі де белгілі бір міндеттерге қол жеткізген жоқпыз. Баяғыша, біліктілік деңгейлері жоғары дәрежеде болуы тиіс ұстаздардың жетіспеу мәселесі бар. Жүйені өзгету оңай болмайтыны түсінікті, бірақ халықтың өзіне аталған мәселе жайында көзқарасын өзгерту қажет. Балабақша, мектепте және жоғары білім беру жүйесінде ерекше білім беруге тезірек көшетін болсақ, өзімізге жақсы. Жекеменшік салада аталған мәселе тезірек шешіледі деп ойлаймыз. «Атамекенге» мұндай өзекті мәселені көтеріп, шешуді қолына алғандығына алғыс!», – деді  Мәжіліс депутаты, Қазақстанның баланың құқықтарын жөнінде уәкілі Зағипа Балиева.

Жақын арада, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша 12 желтоқсан күні ерекше оқыту мәселелеріне арналған жеке бөлім Парламенттің кеңейтілген отырысының талқылауына енген.

«Жалпы білім беру жүйесі ерекше оқытуға 92%-ы, ал мектеп жүйесінде 80%-ы иегерілу қажет. Бұл көрсеткішке үйде оқытылатын және арнайы мекемелерде оқытылатын балалар енеді. Ерекшелеу – жетілетін орта. Сонымен қатар, ерекше жағдайды қажет ететін адамдарға қарапайым гигиена бөлмелері, сырғыма баспалдақтар жоқ», – деді Наталья Жұмаділдаева.

Елімізде арнайы мекемелер, ерекше оқыту жүйесі арқылы жұмыс жасайтын балабақшалар, түзету бөлмелер баршылық екендігіне қарамастан, ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғаммен біріктіру мәселесі осы уақытқа дейін ашық қалуда. Мәселені талқыға салу барысында материалдық-техникалық базаның, арнайы құрал-жабдықтардың, арнайы оқытылған ұстаздардың, оқыту-методикалық әдебиеттердің жоқтығы айтылды.

«Резервтердің емес, жалпы барлық нормативтік-құқықтық база бар. Кәсіпкерлік қауымдастықтардың қолдауы мәселені шешуде үлкен серпін берер еді», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім беру басқармасының басшысы Әйгерім Күдерінова.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқалығының Әлеуметтік сала мен әлеуметтік серіктестік комитеті төрағасы Талғат Доскенов «Атамекенім» акциясы аясында жасалған әлеуметтік түйіткілдер тізімі жайында сөз қозғады.

«Кәсіпкерлер нақты әрі материалдық мәселелерді шешуге көмек көрсете алады, тек өтініш қалдыру қажет», – деді ол.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басшысы Олжас Ордабаев TOM:Kazahstan жобасын қолдануды ұсынды.

Зағипа Балиева отырысты қорытындылап, ҚР Білім және ғылым минстрлігіне ерекше оқыту жүйесінің қатысушыларына арнайы нұсқаулық дайындау қажеттігін айтты.

«Осы жағдайда нақты көмек көрсетуге ниетті кәсіпкер қанша құрал жабдық қажеттігін анық білетін болады. Қанша балаға, аурудың қандай түрімен ауыратыны, қалай құрастыру қажеттігі жайында ақпарат болады. Арнайы әдіс керек. Елімізде 7 мыңнан астам білім алатын оқушылар бар және кім, қайда, қалай оқытылатыны жайында сараптама жасалу тиіс», – деді Зағипа Балиева.

Қазақстанның білім беруін дамыту мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі ерекше білім беруді дамыту болып табылады. Бағдарлама аясында 2020 жылға дейін мүгедек балалардың жалпы санының 50% -ы ерекше білім алатын болуы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер