«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БІРНЕШЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

2017 жылғы 11 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
8245 просмотров

Кәсіпкерлік негіздеріне үйрететін «Бастау Бизнес» жобасы өз жемісін берді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Маңғыстау облысының Шетпе кентінде 50 орындық балабақша мен жылыжай қолданысқа берілді. Ауыл тұрғындары ұлық мерекені толағай табыстармен атап өтуді дәстүрге айналдырғалы қашан. Қазір, ауылдық ағайындардың біразы кәсіпкерлікке бет бұрып, тасы өрге домалап отыр.

Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп, түрлі саладағы нысандарды қолданысқа бергендер ауыл азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Солардың бірі - Алтынгүл Қауқарова.  14 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 50 орындық балабақша ғимаратын жаңғыртып, қажетті құрал-жабдығын сатып алуға 10 млн теңге көлемінде несие алған. Мұнда балдырғандар үшін барлық жағдай жасалған.

Сурет салып, ағылшын тілін меңгеру, ән-күй сабақтарынан дәріс алу жағы реттелген. Биыл бизнес тетіктерін үйренуге бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы Маңғыстау ауданынан 200 адам қатысқан. Курс аяқталысымен 50 адам кәсіп ашуға қамданған. Яғни, кәсіпкерліктің негізін үйреніп, кәсіп ашуға тұрғындардың құлшынысы жоғары – дейді бизнес тренер. Қолданысқа берілген тағы бір нысан – жылыжай.

Енді, көкіністерді шет мемлекеттерден дорбаламай-ақ, Отандық өнімді алуға болады. 19 жасар Нұрсұлтан Шамдығұл политехникалық институтты аяқтаған соң мамандығы бойынша емес, кәсіпкерлікке бет бұруды жөн көрген. 6 млн.теңге несие алып, қызанақ пен қияр өсіріп отыр. Жылыжайдан жылына 2 рет 7,5 тонна өнім шығады. Маңғыстаудың қара шаңырағында ашылар әлеуметтік нысандар мұнымен тоқталар емес. Тәуелсіздік күніне тағы бірнеше әлеуметтік нысанды қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Кәсібін өрге домалатар адам саны күн санап артылатынына сенім мол.



 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер