«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Халықаралық бизнес академиясы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайды

2017 жылғы 13 Қараша
- Алматы қаласы
9381 просмотров

«Атамекенім» акциясы көпшілік қолдауында

Халықаралық бизнес академиясының Алматы колледжі жалпы республикалық «Атамекенім» акциясын қолдап, студенттер мен оқытушылар өз іс-шараларын ұйымдастырды.

Студенттердің бастамашыл тобы балалар хосписіне барып, «Мұқтаждықсыз өмір» атауымен ұйымдастырылған жобада 1 ателье, 112 ерікті мен 37 бенецефиарды қамтыды. Жастар панасыз қалған жануарларға да көмек көрсетті, «Олардың өмір сүргісі келеді» жобасына 53 ерікті, 2 қорғау орны мен 3 кафе қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Қоғам үнсіздігі» акциясы ұйымдастырылды. 43 студент пен 55 ерікті жас мүгедек жандардың қала ішінде қозғалысына көмектесті.

Әлеуметтік кәсіпкерлік аясында Халықаралық бизнес академиясы Алматы колледжінің студенттері «Тазалық эволюциясы» жобасын ойлап тапты. Ол қала тұрғындарының назарын аудару үшін қоқыс салатын ерекше жәшіктерді ойластыруға бағытталған. Жобаға 65 ерікті мен 170 бенецефиар қатысып, OMTS of Kazakhstan интернет-қоғамдастықта 5500 адам қолдау білдірді.

      

Колледж студенттері мүмкіндігі шектеулі жандарға психологиялық көмек беретін «РУХ» Орталығының сарапшыларымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға театр труппасын ұйымдастырды. Труппа құрамына студенттер де, орталықтың тәрбиеленушілері де кірді. Жалынды жастар «Мен сені мәңгі сүйем» атты қойылым қойды. Қатысушыларға да, көрермендерге де жақын да жылы тақырып көпшіліктің көңілінен шықты.

Акция қатысушыларының пікірінше жастардың ортасында өмірде қиындыққа ұшыраған адамдарға қол ұшын созуға дайындығы – болашақта кәсіпкер ретінде әлеуметтік және кәсіби  деңгейде өсуге ықпал ететін маңызды жайт.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер