Бизнес өз шешімін қабылдады: Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенті ұзақ уақыт шешімін таба алмауда
Қазақстанның құрылыс саласында мемлекеттік реттеудің үстінен бақылауға жол берілмейді
1 қараша «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Александ Беловичтің төрағалық етуімен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен құрылыс коммитетінің кеңесі өтті.
Комитет төрағасы Александр Белович қатысушыларға күн тәртібіндегі мәселелер тізімін таныстырды.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Ұлттық палата мен вице-министр Роман Скляр өкілдік ететін ҚР инвестиция және даму министрлігі арасындағы жүргізіліп жатырған белсенді жұмысты атап өтті.
«Қазіргі таңда құрылыс саласына байланысты бизнес пен уәкілетті органдар арасында отырыс өткізуге негіз болған 10 жиынның 8 өткізіліп, мәселелердің 80 пайызы шешімін тауып, орындалу үстінде», - деп хабарлайды Елдос Рамазанов.
Құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағанованың айтуынша құрылық саласының бизнес қауымдастығындағы сметалық баға қалыптастыру, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау ережелері, рұқсат беру құжаттары, құрылыс мақсатында жерлерге рұқсат беру мәселелер бойынша оң нәтижелер бақылануда.
Қазіргі күні ҰКП Құрылыс комитеті 12 қауымдастық және 26 дауыс беруге құқылы өкіл аккредидтеді.
«ҚР Жобалаушыларының ұлттық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) вице-президенті Мейірбек Жаманқұлов ЕЭО құрамындағы мемлекеттер бірнеше жыл көлемінде «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі» жайында техникалық регламент жобасына байланысты келісімге келе алмай жатырғандығын айтты.
«Ғимараттар мен құрылыстар көрінісіндегі құрылыс өнімдері мемлекеттік реттеудің үстінен бақылана алмайды. Себебі бұл өзара сауданың өнімі емес, мемлекеттердің шекараларын кеспей жасалатын жұмыс»,- деп айтып өтті Мейірбек Жаманқұлов.
Бұл тұста Елдос Рамазанов «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Владимир Бобров бүгінгі отырысқа арнайы шақырылып, аталған мәселеге байланысты біріңғай ұстаным бекіткен соң өкілетті органдарға бағыттау мақсат етілгендігін айтты.
«Осы процеске қатыспасақ, тауарларымыз тұтынусыз қалады деген қауіпіміз бар. Жалпылама техникалық регламент болғандықтан (құрылыс, ғимарат және құрылыс материалдар) процеске не мүлдем қатыспау қажет, не қолдап, қатысу шешімін ұстану керек. Біздің ұлттық мүддеміз ескерілсе, бұл ұстанымды біз қолдаймыз», - деп өз ойымен Владимир Бобров бөлісті.
Комитеттің жекелеген мүшелері ЕЭО Келісіміне өзгертулер енгізу қажеттілігі байқап өтілді.
«Келісім әрдайым нағыз шарттардың көзі. «Біріңғай тізімге қосылмаған өнімдерге міндетті ұлттық талаптар қоюға болмайды» деп келісімде анық жазылғандықтан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық регламенттен алып тастау мүмкін емес. Сол себепті бірінші кезекте ЕЭО Келісіміне өзгертулер енгізу қажет», - деп «ҚР Индустриалды құрылыс технологиялары» ЗТБ төрағасы Қанапия Нұрбатыров көзқарасымен бөлісті.
Нәтижесінде комитет мүшелері дауыс беру арқылы құрылыс индустриясымен қатар қазақстандық бизнес құрылыс нормативтері мен мемлекеттік деңгейдегі ережелерді одаққа мүше елдер бекітуімен жасау шарты ескерілсе, техникалық регламентті қабылдау шешімін қолдайтындығы анықталды.Техникалық регламент пен оның қосымшасына енгізілген кез келген өзгерту көп уақыт алатындығы, нормативтер тым қатал болатындығы және құрылыс жұмыстарының жасалу қарқыны төмендейтіндігі бизнесті алаңдатуда.
«Бұл тұста, «Атамекеннің» ойынша одақ мүшелері өздерінде еш өзгертусіз қолдана алатын немесе климат және сол сынды басқа да ерекшеліктерді ескере арқылы бейімдей алатын құрылыс нормативтері мен ережелерінің моделін жасау қажет»,- деп жауап қайтарды Александ Белович.
2014 жылғы ЕЭО Келісіміне өзгертулер енгізу қажет бастамасын Ұлттық палата өкілетті органдар алдында ұсыну қажеттігін комитеттің барлық мүшелері атап өтті.
Жеке сектордағы ведомствалық емес сараптама мәселесі де қарастырылды.
«Ұлт жоспары – 5 инстуционалдық реформа бағытындағы 100 нақты қадам» бойынша 47 қадам есеп сараптама қызметін 90 пайызға дейін бәсекелестік ортаға кезең кезеңмен ауыстыру керектігі белгілі. Қазіргі таңда есеп сараптамалардың 60 пайызын жекеменшік сараптама ұйымдары жасайды. 2018 жылы бұл көрсеткішті 70 пайызға, 2019 жылы 80 пайызға, 2020 жылы 90 пайызға көтеру жоспарда»,- деп мәлімдеді Белович.
Жекеменшік сараптама ұйымдары бойынша Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы атынан Тасболат Абдуллин Ұлттық палатаға мүше сараптама ұйымдарының көпшілігі құрылыс пен инженерлік желілерін қайта құруды белсенді жүргізілетін аймақтарда жұмыс жасайтындықтан обьектілердің бұл түрін бәсекелестік ортада қалдыру қажеттілігін айтты.
12 қабатқа дейін ғимараттардың құрылысы қарапайым геологиялық ерекшеліктер бар аймақтарда, ал 10 қабатқа дейін ғимараттар құрылысы сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақтарда салуды жекеменшік ведомствалық есеп сараптама жүргізу ұйымына бекітіп, өкілетті органдарға жұмыстың 70 пайызын бәсекелестік ортаға қалдыруды ұсыну комитеттің біріңғай шешімі болды.
«Жекеменшік сараптама жекеменшік құрылыс салушыларға, шетелдік инвесторлаға, жалпы бизнесқа көмек көрсету қажет. Осы мақсатта құрылған нарық»,- деді Александр Белович.
Елдос Рамазанов «Атамкенге» палатаның қызметіне байланысты сұрақтармен қоса әртүрлі саладағы мәселелерді қозғайтын сұрақтар түсетіндігі есеп сараптама ұйымдарының басшылығына айтып өтті. Сол себепті, Ұлттық палата сұрақтарды ортақ талқыға салып, мәселелерді келісіммен шешуге шақырады.
«Атамекенге» палата мүшелігіне енбеген сараптама ұйымдарынан өтініштер түсіп, палатаның бекітілмеген мүшелік жарнасы, палата мүшелігінен шығару реті, жарғы сынды әрекеттері арқылы жемқорлыққа қарсы күш әрекеттер ретінде байқағандықтарын айтады»,- деді Елдос Рамазанов.
Отырысты қорытындылай, Александр Белович ҚР Примьер-Министрінің алдында айтылған нарықта мүлдем тәжірибесі жоқ компаниялардың лицензиясының болуы өзекті мәселесін айтып өтті.
«Қалай және кім ол лицензияларды беретіндігі белгілі бір себептермен анықталмаған. Адал қызмет ететін компанияларға бұл мәселемен күресу қиындап жатыр. Мұндай іс тоқтатылуы тиіс»,- деді Александр Белович.
Бұл мәселені комитеттің барлық мүшелері бірауыздан қолдап, мәселенің жоғары деңгейде көтерілу қажеттігін айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: