Денсаулық сақтау министрлігі медициналық сақтандырудың енгізілуін 2020 жылға қалдыруға дайын
Кәсіпкерлерге түсетін ауыртпалық әлеуметтік салықты 1,5%-ға дейін азайту арқылы жеңілдетіледі
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді 2020 жылға ауыстыру туралы хабарлады. Мерзімді кейінге шегерудегі өзгертулер ведомствоның заңнамаға берген ұсыныстарындағы салық мәселесіне қатысты тұстарында түзетулер енгізуді қарастырады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін ауыстыру, 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін сақтандырылмаған халыққа мемлекет есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлемін қалдыру ұсынылды. сондай-ақ жеңілдік санатына жататын азаматтардың мемлекеттік жарнасын аудару мерзімін 2020 жылдың 1 қаңтарынан белгілеу ұсынылып отыр», - деді Ләззат Ақтаева.
Ұсынылған өзгертулерге сәйкес, жұмыс берушілерден алынатын 1,5%-дық аударымдар 2018 жылы да, 2019 жылы да жалғасады. Вице-министр бизнес тарапы ештеңе жоғалтпайтындығына назар аударды, себебі кәсіпкерлерге медициналық сақтандырудан түсетін ауыртпалық әлеуметтік салықты 1,5% азайту есебінен жеңілдейді деп жазады tengrinews.kz.
Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімін 2020 жылға қалдыруды ұсынған еді. Ондағы мақсат – кәсіпкерлік сектор мен жалпы халыққа кері әсерін болдырмау және түзеу.
Мұнымен қоса, 2015 жылдан бері «Атамекен» бастамаларының бірі әлеуметтік салық мөлшерін азайтуға қатысты болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: