Қазақстанның медиация саласындағы кедергілері жайында
Медиация заңында даулы мәселелерді сотқа жеткізбей балама тәсілмен шешуге мүмкіндік бар
ҚР Парламентінің Сенаты отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсүнов кәсіпкерлердің қатысы бар даулы мәселелерде медиация институтын қолдану жайында сөз сөйледі.
Қолданыстағы «Медиация заңы» (әрі қарай-Заң) даулы мәселелерді сотқа жеткізбей балама тәсілмен шешуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғау саласындағы қазіргі жағдайға байланысты «Атамекен» заңға өзгертулер еңгізуді ұсынуда.
«Заңның қолдану аясын кеңейту қажет. Даулы мәселеде тараптардың бірі мемлекеттік орган болғанда мәселені шешуде медиация рәсімі қолданылмайтын шектеуді алып тастау қажет. Шет елдерде салықтық даулы мәселелерді трибунал немесе комиссия сынды тәуелсіз орган, сонымен қатар, мәселені шешудің балама жолы – омбудсмен институты, медиация және келісім арқылы қарастыратын тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті»,- деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.
Рустам Жүрсүнов халықаралық тәжірибемен қатар Грузияның тиімді тәжірибесін ескере, 2017 жылдың 1 шілде айынан Ұлттық палатаның ұсынысымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде салық төлеушілердің алдын ала салық тексерудің актілеріне жазбаша қарсылығын қарастыратын арнайы басқарма құрылғандығын айта кетті.
Сонымен қатар, «Атамекеннің» бастамасымен Қаржы министрлігі құрамында Апелляциялық комиссия (АК) жұмыс істейді. Қазіргі күні 1 қазанға дейін министрлікке 121 шағым түсіп, 31-і АК қарастырып, 34 шағымды Қаржы министрлігі қайта қарауға ұсынды.
«Мемлекеттік органдардың қатысы бар экологиялық бақылау мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау салаларында келіспеушіліктер бар. Осы сынды даулы мәселелерді шешуде медиация институты өзекті болып табылады. Сол себепті заңға түзетулер енгізіп, мемлекеттік органдармен даулы мәселелерде медиация рәсімдерін қолдануға мүмкіндік беру қажет», - деп ойымен бөлісті Рустам Жүрсүнов.
Монополисттермен даулы мәселелерді келісу рәсімдерін қолдануды міндеттеу қолға алынуы тиіс.
«Қолданыстағы заңға сәйкес, екі тараптан медиация рәсімдеріне қатысуға тілек ерікті білдірілуі шарт. Медиация аясында даулы сұрақтарды сотқа дейін реттеуден өтуді міндеттеген мәселелер санатын заңда бекіту керек. Мәселен, квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, монополисттармен даулар», - деді спикер.
Сөз сөйлеу барысында «Атамекеннің» медиатор ретіндегі рөлі жайында сөз қозғалды. Қазіргі таңда, медиаторларға жеке тұлға ретінде ресми талаптар бар. Бұл уақытта өзінің мәртебесіне байланысты кейбір ұйымдар келісу рәсімдерін ұйымдастырады. Мәселен, «Атамекенге» кәсіпкерлер арасындағы даулы мәселелерді шешу бойынша өтініштер түседі.
Отырыс барысында Ұлттық палата тарапынан медиация әрекеттерін өзін-өзі реттеу, кәсіби медиаторлардың біліктілік талаптары мен әрекет етудің стандарттарын орнату мәселелері қозғалды.
Спикердің айтуынша кәсіби емес медиациялық әрекетті реттеу заңнамасының көптігі, әкімшілік кедергілердің болуы медиация институтының дамуын тежейді. Кәсіби маманданбағанымен бұқараның алдындағы беделіне байланысты медиаторлар ретінде көрініп жүрген өкілдердің тізімге қосылып, тіркеуден өтуінің қажеті жоқ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: