«Атамекен» мен Kazakh Tourism бірлесіп жұмыс істеуге келісті
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қызметінің мәселелеріне қатысты бірінші жиын өтті
18 қазанда «Атамекен» алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен өңірлердегі туристік бизнестің өкілдерінің қатысуымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қызметінің мәселелеріне арналған алғашқы жиын өтті.
Кездесуде «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Kazakh Tourism» АҚ арасында туристік саласына дамытудағы ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – қазақстандық туристік өнімді дамыту және тарату, ішкі және сыртқы нарыққа талдау мен зерттеу жүргізу, оның ішінде шетелдік тәжірибені зерделеу, көшпелі туризмді дамыту үшін анағұрлым әлеуетті нарықты анықтау және аталған нарыққа шығу үшін тиімді шаралардың қарастыру, отандық туристік бизнестің мүддесі үшін бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру; туристік нарыққа ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсету және т.б.
Жиында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупабаева мен ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов сөз сөйледі.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп соңғы екі жылда туризм бойынша ұлттық кеңсе құруға атсалысты. Бүгінде Ұлттық компания форматында құрылды. Бизнес-қоғамдастық пен жалпы осы салада «Kazakh Tourism» акционерлік қоғамына көп үміт артылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс ашық әрі бірлескен ынтымақтастықта атқарылуы керек. Бүгін қол қойылған Келісімнің көмегі тиеді деп ойлаймын», - деді Юлия Якупбаева.
Жиын барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев ұлттық компания жұмысының негізгі бағыттарын таныстырды.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ негізгі бағыттарына маркетинг пен өткізу, ақпараттық-сараптамалық қолдау, инвестиция тарту мен әлеуетті дамыту енгізілген.
Рашид Күзембаев атап өткендей, Ұлттық компания отандық туристік өнімді таратуға бірыңғай саясатты қалыптастырады, оның аясында еліміздің туристік бренді жасалады. Әлеуетті кластерлердің туристік өнімдеріне, сондай-ақ «Алманың отаны», Жауқазын жолы», «Ұлы Жібек жолы», «Алтай – өркениеттің бесігі» және «Жылқыларды қолға үйрету» секілді 5 суб-брендтің бәсекеге қабілетті баса назар аударылады. Олардың негізінде «Apple fest», «Tulip Way» және т.б. тақырыптық фестивальдер ұйымдастырылады.
«Жалпы алғанда бизнеспен өзара бірлесіп жұмыс істеу ортақ мақсатқа жетудің берік іргетасы секілді – бәесекеге қабілеттілікті, туристік салада танымалдылықты арттыралы. Туризмді дамыту көптеген салаларға да қатысты екенін ескере отырып, «Атамекен» бизнес пен туристік саламен аралас салалардың, оның ішінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өзара бірлесіп жұмыс істеуінің бірегей алаңына айналып отыр», - деп тұжырымдады Рашид Күзембаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: