«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Вице-министр: «Атамекен» - кәсіпкерлердің сенімді қорғаушысы»

2017 жылғы 09 Қыркүйек
2484 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күнімен құттықтады

9 қыркүйек күні «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 4 жыл толды. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері Ұлттық палатаның құрылған күніне орай жылы лебіздерін білдірді. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов «Атамекен» құрылған сәттен бастап беделді ұйым ретінде танытқанын ерекше атап өтті.

«Біз сөзсіз тығыз жұмыс атқарып келеміз, «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің арасында келесім жасалған. Сол келісімде бизнеспен байланыс қарастырылған. Бүгінде ауыл шаруашылығындағы кедергілерді талдау бойынша жұмыс басталды. Біз кедергілердің бірыңғай реестрін жасап, бизнеспен бірге оларды алып тастау керекпіз. Себебі не нәрсеге көңіл бөлу керектігін бизнес қана айта алады», – дейді Рүстем Құрманов.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі орын алып отырған өзгерістер мен оқиғалардың барлығына да Ұлттық палата назар аударып, қолдау көрсететінін атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер