«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Құрылысшылар күні мерекесімен құттықтауы
Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!
Сіздерді «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қай заманда болмасын құрылысшы мамандығы зор құрметке ие екені белгілі. Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен қаншама жанға тұрғын үй салып, әкімшілік ғимараттар, мәдени нысандар мен өндірістік кәсіпорындар, мектептер мен ауруханалар, көпірлерді салып, желілер мен коммуникацияны жүргізіп, еліміздің сәулет кескінін қалыптастырасыздар.
Құрылыс саласында еңбек ететін жандардың көптеген идеялары Елорда сәулетінде де көрініс тапты. Байтақ далада бой көтерген Астананың әсем ғимараттары қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып, таң-тамаша еткені анық.
Осы саланың өкілдері ел экономикасының дамуына тікелей атсалысып, инфрақұрылымды жетілдіруге ықпал етіп, Қазақстанда өнеркәсіптік орындары өндірістік базасының жаңаруына септігін тигізіп келеді.
Мұның барлығы да құрылыс саласының дамуындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Озық технологиялар енгізіліп, заманауи құрылыс материалдары қолданылып келеді, сонымен қатар таяу онжылдықта Қазақстанның келбетін айшықтайтын ірі жобалар жүзеге асырылып отыр.
Биылғы жылдың ең жарқын оқиғасы – ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуі. Оның құрылысы сәтті аяқталып, жоғары бағаға ие болды. Бұл сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің айқын көрінісі.
Бірлесе күш салудың арқасында кәсіби қоғамдастықтың бірігуіне және келешекте құрылыс саласының дамуына ықпал ететін мақсат-міндеттерді жүзеге асыра аламыз.
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, мұқалмас жігер тілеймін! Отбасыларыңызда амандық болып, ынтымақ пен береке жарассын. Әрбір бастаған жобаларыңыз жүзеге асып, Ұлы дала елінде сәулеті мен дәулеті асқан Қазақстанның дамуына үлес қоссын!
Ізгі ниетпен,
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы
Тимур Құлыбаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: