«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

2016 жылғы 11 Тамыз
10834 просмотров

Биыл Құрылысшылар күні 14 тамызға тура келіп отыр

Құрылысшылар күнінің қарсаңында, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің ірі құрылыс компаниялары мен кәсіби бірлестік өкілдерін елдің құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе белсенді қызмет еткені үшін арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

«Құрметті, достар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Құрылыс терминдері бізге бала күннен етене таныс. Біз «қарым-қатынас орнатамыз», өз біліміміздің «негізін қалаймыз», жарқын болашаққа «жол саламыз». Осындай тіркестердің күнделікті өмірде көп кездесуі, құрылысшы мамандығының – ең керектілер қатарында екенін аңғартады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары  Юлия Якупбаева.

Ол құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында, әдетте Ұлттық экономика министрлігі мен Құрылыс комитетінің құзіретті органдары құтықтайтынын атап өтті.

Биыл ҰКП еліміздің ірі құрылыс компаниялары мен кәсіби бірлестік өкілдеріне, оның ішінде өңірлік өкілдерге Алғыс хат тапсыру бастамасын қолға алып отыр.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге белсенді қызмет еткен, барлық құрылыс саласына қатысы бар адамдарға жеке алғысымызды білдіреміз. Бүкіл Қазақстан бойынша Құрылысшылар күнінің қарсаңында ҰКП атынан 122 маманға осындай Алғыс хаттар табыс етіледі», – деп атап өтті ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Юлия Якупбаева Ұлтық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқарған салалық қауымдастықтың жұмысын, құрылыс сараптама саласындағы реформасын, құрылыс саласындағы Бірыңғай құжат әзірлеу жұмысын,  жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша ұсыныстар әзірлеуді қосқандағы барлық жұмыстардың нәтижесін санамалап айтып берді.

Салалық қауымдастықтың өкілдері де әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

«Сіз бен біздің басты міндетіміз – құрылыс саласына жаңашыл рух, шығармашылық, жасампаздық сыйлау. Сіздердің мамандықтарыңыз қолдан келмегенді жасауға, дос-жарандарыңызға естелікке зәулім қала қалдыруға арналған. Аз болса да басымызды қосып, құттықтап отырған Ұлттық палатаға алғысымыз шексіз. Болашақта ҰКП туының астында құрылыс саласының барлық кәсіпкерлері бірігіп, бүкіл экономиканы көтереміз деп үміттенемін», – деді «ҚР Ұлттық құрылыс саласы қауымдастығы» ЗТБ президенті Әділша Ермұқанов.

Бұл оймен «ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Серік Рустамбеков те келіседі.

«Ұлттық палата біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Және біз тек қана құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің ғана өмірін жақсарту үшін ғана емес, бүкіл еліміздің халқының жағдайын жақсарту мақсатында бірігіп еңбек етіп келеміз. Бұл, әлбетте, оңай шаруа емес, соған қарамастан нәтижелеріміз де жетерлік. Біз Ұлттық палатамен бірлесіп, барлық мәселелерімізді билік органдарына жеткізіп, бірге шешеміз деп үміттенемін», – деді С.Рустамбеков.

Марапатты қолына алып тұрып, ол өзінің қызықты ойымен бөлісті: «Мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің арнайы сыйлықтарын тағайындау керек деп ойлаймын. Айталық, 10 үздік кәсіпкерді немесе 5 үздік кәсіпкерді белгілі бір сала бойынша марапаттау дегендей», – деді қауымдастық өкілі.

«Конгресте табыс етеміз. Жасаймыз!», – деп Юлия Якупбаева ұсынысты қолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер