«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның іскер әйелдері Астана төрінде

2017 жылғы 12 Маусым
16877 просмотров

Еліміздегі отандық бизнестегі әйелдердің белсенділігі шамамен 50%

Астанада Іскер Әйелдер кеңесінің ІІІ Конгресі өтті. Конгреске «IDFashhion» халықаралық телеарнасының бас продюсері Василий Климчук, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының орынбасары Лаззат Сүлеймен, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Қазақстан бизнес-идеялар жерұйғы» атты конгресс «Атамекен» ҰКП Съезі аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдауымен өткізілді.

Конгресс мақсаты – іскер әйелдердің экономика саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бойынша сұрақтарды талқылауға, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекелігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Іскер әйелдердің ІІІ Конгресінде «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова отандық бизнестегі іскер ханымдардың рөліне тоқталып, ЖІӨ-де әйелдер бизнесінің 40% үлесі бар екенін ерекше атап өтті.

«Әрбір өңірде іскер әйелдер кеңесі жұмыс істейді. Бүгнігі конгреске қатысып отырған іскер әйелдер, әсіресе елеміздің әр аймағынан келген қыз келіншектер ер адамдармен бірдей жұмыс атқарып, бизнестегі өз орындарын айқындай білді. Облыстағы іскер әйелдер орталық пен шалғай аймақтардың арасын байланыстырушы. Іскер әйелдердің басын қоса отырып, 16 өңірде іскер әйелдер кеңесі жұмыс істеп отыр. Осы қыз-келіншектердің қатарына қосыламын деген ынталы жандарды қуана шақырамын», ­– деп Лаззат Рамазанова.

Конгерсте алғашқы сөйлеген спикер Алма Аралбаева бизнес құрудың ерекшеліктерін айтып, іскер нарықтағы өміршендік қағидаттарын тізді.

«Басқарушылық – бұл өнер. Уақытты басқару – болашақты басқару дегеніміз бизнессті бақсару, ақпаратқа ие болу. Басқа адамдардың уақытын бағалау, командаға дұрыс адамдарды таңдай білу, отбасы мен жұмыс арасында теңгерімді ұстай білу өте маңызды. Қоғамда әйел іскер болса, маңсап қуса, отбасын құра алмайды немесе басқа істі құрбан ету керек деген пікір бар. Бұл пікрімен келсіпеуге болады. Іскер әйел тамаша алып жүре алады екі жақты да, мен өзім бес баланы тәрбиелеп отырмын», – деді Алма Архабаева.

Спикердің айтуынша іскерлікте негізгі қағида бар. Біріншісі – уақыт. Уақытты дұрыс жұмсау арқылы бизнесті дұрыс құру маңызды. Екіншісі – қаржы. Ақшасыз экономиканы қалыптастыру, жеке бизнесті құру мүмкін емес. Үшіншісі – өмір энергиясы. Денсаулық, психологиялық жағдайды ұмытпау жөн. Төртіншісі – теңгерім деп атап өтті. Бизнестің төрт асылы осы.

Бүгінде әйелдердің отандық бизнес ортадағы белсенділігі шамамен 50% құрап, еліміздің ЖІӨ қалыптасуына 40% үлес қосып отыр. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің басым бөлігі қызмет көрсету саласына бағытталған, сервистік қызмет көрсетудің 63% әйелдерге тиесілі, ауыл шаруашылығындағы кәсіптің 53%-ын нәзік жандылар басқарады.

Еліміздің шағын және орта кәсіпкерлікті 697 355 (42%) әйел басқарады. Кәсіпкерлік саласына қаржылай емес қолдау көрсету бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер әйелдерге 17 666 сервистік қызмет көрсетсе, 45 501 ақпараттық қолдау білдірген.

«IDFashhion» халықаралық телеарнасының бас продюсері Василий Климчук бизнес құрудағы медиа мүмкіндіктерді айтты. Телеарнаның басты мисссияы – қазақстандық  дизайнерлер өз қазанында ғана қайнауды тоқтатады. Біз оларға сән әлемінің үлкен нарығына, фешн кеңістігіне жол ашамыз. Үлкен сауда алаңына, сонымен қатар киімдерді көп мөлшерде сатуға мүмкіндік беретін байланыстарға шығуға көмектесеміз. «IDFashhion» халықаралық телеарнасы бұл жаңа мүмкіндіктер, жаңа таныстар, жаңа деңгей», – деді телеарна өкілі.

ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің ІІІ Конгресі екінші сессиялық отырысында «Атамекен» ҰКП Басшылығының өкілдері қатысады деп күтілуде. Екінші бөлімде басқа да спикерлер баяндама жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер