«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдерінің ІІІ Конгресі

2017 жылғы 07 Маусым
11097 просмотров

Конгреске «IDFashion» халықаралық телеарнасының бас продюсері Василий Климчук, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының орынбасары Лаззат Сулеймен, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

«Қазақстан бизнес-идеялар жерұйғы» атты конгресс «Атамекен» ҰКП Съезі аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдауымен өткізілмек.

Конгресс мақсаты – іскер әйелдердің экономика саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бойынша сұрақтарды талқылауға, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекелігін арттыруға бағытталған.

Анықтама үшін:

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесін құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту. 

Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту кеңестің басты міндеті. Ұйымда 700 -ден астам кәсіпкер әйел мүшелікте.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер