«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Ақмола облысының шаруаларына қаржы бөлудің жаңа құралдары керек

2017 жылғы 29 Мамыр
- Ақмола облысы
6072 просмотров

Ақмоладағы шаруалар егістік жұмыстарында қаржылық тапшылықты сезінеді

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысқан Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында мемлекеттік сатып алулар өзекті мәселенің бірі болды.

Степногорск қаласынан келген «Биотехнология орталығы» ЖШС директоры Дархан Балпанов өз мәселесін баяндады. Бүгінде кәсіпорын ­– қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі үшін вакциналық препараттарды, биоинектицидті перепараттарды шығаратын бірегей өндіруші. Алайда мемлекеттік сатып алуларда шетелдік қатысушы компаниялардың демпингі кедергі келтіреді (мекеме тауарлар мен қызметтерді өз бағасынан арзан сатуы – ред.).

Бизнесменнің айтуынша, қазіргі таңда ұлттық компаниялар қойып отырған біліктілік талаптары кері әсерін тигізіп отыр. Кәсіпкердің өз мүмкіндігін дәлілдеуіне біршама уақыт пен қаражат кетеді.

«Нарықта адал кәсіпкерлерді шығару қажет, оларға барынша қолдау көрсету керек. Егер сатып алулардың байқау құжаты белгілі бір мердігерге лайықталса, қалайша сауатты әрі білікті орындаушыны ала аламыз?» – ­деді Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ, Төралқа Төрағасы адал кәсіпкерлерді қолдау бойынша қарқынды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

«Бүгінде біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлікті қолдау, экономикалық саясаттың ошағында шыншыл, адал кәсіпкердің болғанын қалаймыз. Осы мақсатта қылмыстық заңнаманы оңтайландыру бойынша жұмыс істеліп жатыр, қазірдің өзінде 200-ден астам өзгертулер жасалды, ҚР Үкіметімен тұрақты да тиімді диалог жүргізілуде», – деді Тимур Құлыбаев.

Осы бағытта құрылыс саласындағы сатып алуларға назар аударылып жатыр: Ақмола облысының құрылысшылары мен құрылыс материалдарын өндірушілердің концорциумы құрылуда, бұл жұмыс өңірдегі құрылыс саласын жетілдіруге бағытталатын болады.

Ақмола облысы Прокуратурасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің қатысуымен мемлекеттік сатып алуларда заңдалықтарды ұстануға қатысты Жұмыс тобы құрылды.

«Өңірде Сатып алулар басқармасының болмауы айтарлықтай кемшілік, өйткені сатып алулар жалпы үйлестіріліп отырған жоқ», – дейді Тимур Құлыбаев.

Өңірлік кеңес барысында кәсіпкерлер егістік жұмыстарын жүргізудегі қаржы тапшылығын сөз етті.

«Өңірлік бидай холдингі» ауыл шаруашлығы коопертиві Басқарма төрағасы Ербол Тәшеновтың айтуынша, қаржылық институттарынан тиімді несие алу үшін шаруалардың көбінде кепілзат жоқ. Биыл «Азық-түлік корпорациясымен» бидайды форвардты жолмен сатып алуды ауыл шаруашылығы корпорациясы кепілдігіне беріле бастады. Бұл мүмкіндік ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кепілдіксіз қысқа мерзімге несие алуға жол ашты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі екінші деңгейлі банкттердің кепілдіктеріне негізделген қаржыландыру бойынша қаржыландыру бағдарламасының баламасын ұсынды. Алайда бұл механизм сұранысқа ие болмады.

«Ауыл шаруашылығына бағытталған өңір ретінде Ақмола облысында әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен қатар қалыптасқан бағыттарды да дамыту қажет. Бірақ бұл үшін қаржыландырудың жаңа құралдарын табу керек. Өкінішке қарай, банк секторы бұл кемшіліктің орнын толтыра алмайды. Сондықтан әкімдік пен мәслихаттың араласуымен қаржы ресурстарын тарту мәселесін шешу керек», ­– деп есептейді Төралқа Төрағасы.

Облыс әкімі Мәлік Мұрзалин өз кезегінде, барлық түйткілді мәселелер бақылауға алынғанын атап өтті.

«Палата билікпен байланыса отырып шеше алатын көптеген мәселелерді талқыладық», – деп тұжырымдады Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер