«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Куба елшісі: Экспо­–2017 көрмесін екі қалада өткізу керек еді

2017 жылғы 29 Мамыр
9118 просмотров

Алғашқы «Сиқырлы Сарыарқа» тарихи-ақпараттық турына 7 елдің елшісі мен дипломатиялық қызмет өкілдері қатысты

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Қарағанды облысында Астанаға жақын орналасқан өңір ретінде шетелдік қонақтар мен туристер көп болады деп күтіледі. Еліміздің өнеркәсіптік аймағын таныстыру мақсатында туризм, қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің өкілдері бірнеше мемлекеттің дипломатиялық қызмет өкілдеріне арнап тарихи-ақпараттық тур ұйымдастырды.

Жоғары шенді қонақтар Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған Теміртау қаласымен танысты. Металлургиялық үлкен комбинаттар, болат балқытатын домна пештері, зауытқа жасалған экскурсия айтарлықтай әсер етті. Қонақтар зауыттың құрылу тарихы мен оның танымал жұмысшысы туралы ақпаратты қызыға тыңдады.

Сонымен қатар, зауыттың жұмыс процесі көрсетілді. Дипломаттар жоғары шендеріне қарамастан, өздерін еркін сезініп, лапылдаған жалын сақталған тарихи суреттердің қасында естелікке суретке түсті.

 

Қазақстанның магниткасынан кейін Долинка ауылына барды. Бұл ауылда саяси қуғын-сүргін құрбандары қамалған Карлаг лагері орналасқан. Бұл жерде 30 мыңнан астам адамның қайғылы тағдыры сақталған.

«Бұл қаншама адамның тағдыры сақталған тарихи орын, келешек ұрпақтың басынан мұндай сұмдық орын алмауы керек. Мен бүгінгі естігенім мен көргенімнен қатты әсер алдым. Бұл ауыр жағдай», ­– деді  Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Прамоно мырза.

Музейден кейін, дипломаттар Кәсіпкерлер палатасына барып, туристерді қызықтыратын жерлер мен орындар жайлы ақпарат алды. Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваның айтуынша, Қарағанды облысы индустриялық бағыттағы өңір болғанына қарамастан, туризмді дамытуға әлеуеті зор аймақ. Шахтерлік аймаққа, оның табиғи, тарихи және мәдени құндылықтарына деген қызығушылық артып келеді: соңғы үш жылда туристер саны 2,5 есеге артқан. Көптеген орындарды әлі де зерттеу керек. Қарқаралы, Балқаш өзенінің маңы, Ұлытау көшпелі мәдениет орталығында ашылмаған құпиялар қаншама.

Қарағандылық туроператорлар ЭКСПО қонақтары үшін түрлі бағыттағы 6 маршрут дайындады. Айталық, шетелдік қонақтар қатарында көмір шахтасын көруге қызығатындар да бар. Шахталардың барлығы да жұмыс істеп тұр, сондықтан ол жаққа бару қауіпті.

«Біз мұның шешімін таптық. Танысу үшін болашақ шахтерлерді дайындайтын оқу шақтасы ашылады. Оның нағыз шахтадан ешқандай айырмашылығы болмайды. Бүгінде модернизация аяқталып келеді, 1 маусымда жерасты лавасына түсуге мүмкіндік бар», – деп хабарлады Татьяна Аблаева.

Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Карлос Энрике Валдес де Ла Консепсьон таныстырылымдық турдан алған әсерін бөлісіп, ЭКСПО-2017 көрмесін Астана мен Қарағанды қалаларында қатар өткізу керек еді деген ұсынысын да жасырмады.

«Қазақстанда 4 жыл жұмыс істей отырып, елордаға жақын орналасқан Қрағанды қаласына алғаш рет келдім. Қаланың осыншама үлкен, ауқымды екеніне таңданып отырмын. Қарағанды өңірінің туристік әлеуеті зор. Куба елшісі ретінде насихат жұмыстарын жүргіземін. Себебі латын-америкалық елдер де ЭКСПО-да өз павильондарын қойып жатыр», – деді Куба елшісі.

Сонымен қатар Ресей Федерациясның да Төтенше және Өкілетті елшісі Александр Мусиенко экскурсиядан алған әсерімен бөлісіп, Қарағандыға арнап шығарған өлең жолдарын оқып берді.

Ресми таныстырылымнан кейін қонақтар «Шебер» қолөнершілер орталығына бет алды. Дипломаттар жергілікті қолөнершілермен кездесіп, киіз, былғары мен қыштан жасалған бұйымдардың көрмесін тамашалады.

Қарағанды облысы – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында таныстырылымдық маршрут ұйымдастырған алғашқы өңір.

Облыста Орталық Қазақстан туризм, қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің қауымдастығы құрылған еді. Оған Қарағанды облысындағы  мейрамхана мен қонақ үй бизнесінің  жиырмаға жуық өкілі кірді. Биыл кемінде Еуропа мен қытайдан 1000 туристі күтуге әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шетелдік қонақтар Долинка ауылындағы Карлаг музейіне ерекше қызығушылық танытады. Қауымдастық президенті Майя Ағаділова хабарлағандай, Карлагқа келуге бір ғана Полшадан 300 адам өтінім берген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер