«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды кәсіпкерлері Туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығына бірікті

2017 жылғы 23 Мамыр
- Қарағанды облысы
8428 просмотров

Қарағандыда мейрамхана және қонақ үй кәсібінің иелері Еуропа мен Қытайдан кемінде 1500 туристі күтіп алуға дайындық жасап жатыр

HoReCa саласының кәсіпкерлері Орталық Қазақстанның туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығына бірікті. Бұл қауымдастық Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасында өткен кездесулер нәтижесінде құрылды. Кәсіпкерлер бірлесе атсалысу арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болады деген ортақ пікірді ұстанып отыр. Қауымдастықты өңірдегі танымал қоғам қайраткері Майя Ағаділова басқарады.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай бірлестік құруға бірнеше рет талпынған, дегенмен орайы келмей қойды.

«Осы саладағы кәсіпкерлердің ұсынысы қауымдастық арқылы жеткізілу осындай құрылымды құрғымыз келді. Мұндай кездесуге әкімдік өкілдері қатысу керектігіне баса назар аударғым келеді. Мысалы, бізге көрсеткіштерді, жолнұсқаларды ағылшын тілінде дайындау керек пе? Атырау, Шығыс Қазақстан облысындағы туристік фирмалар белсенді жұмыс істейді. Шығыс Қазақстанда тіпті қытайлардың қызығушылығын оятып, өздеріне шақыру тәсілін қалыптастырған. Ал біз әлі қол қусырып отырмыз, жұмыс істейтін уақыт келді», ­­– деді Алла Руденко.

Облыстағы қолөнершілер Экспо халқаралық көрмесіне қатысуға дайын. Екі жылдан бері атқарылған қарқынды жұмыстың нәтижесінде «Шебер» орталығы біршама жетістікке жетті.

«Ең бірінші, ақпарат жан-жаққа таратылды. Шеберлер Қарағандыдан шалғай аймақтарға бара бастады. Қазақстанның әр өңірінен тапсырыс қабылдай бастады. Мысалы, Ольга Целлер жасаған бұйым Африка жеріне жеткенін де білемін. Депутаттарымыз шет елге шыққанда қарағандылық шеберлерден түрлі кәдесый жасауға тапсырыс береді. Бұрындары көп шеберлер өздері жасаған бұйымдарды ЦУМ-ның астындағы қабатта сататын. Біздің шеберлердің есімдері жайлап танымал бола бастады. Әріптестерім жайлы бірнеше мысал келтірсем де болады: біріне хабарлассаң, үнемі көрмеге қатысады, келесісі тапсырысты орындауға үлгермей жатқандықтан, бір шынаяқ кофе ішуге уақыт таппайды», – дейді Алла Руденко.   

Қауымдастық президенті Майя Ағаділованың айтуынша, Долинка ауылында орналасқан Карлаг музейіне шетелдік қонақтардың қызығушылығы ерекше. Бір ғана Польша елінен 600 турист Карлагты көруге өтінім берген. Еуропа мен Қытайдан кемінде 1500 турист Қарағанды облысын тамашалауға жоспарлаған.

«Қарағандыдағы қонақ үйдің үш жұлдызы болса, оның өзі жақсы көрсеткіш. Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кездесуде шетелдік қонақтар бесжұлдызды қонақ үй емес, табиғатты тамашалап, атқа мініп, қымыз ішуді қалайтындықтарын айтқан. Ақтоғай ауданында қонақ үйлер дайындалған. Сондай үйлерді Долинка ауылында да тұрғызу керек. Міндетті түрде шеберлердің киіз үйін қойған жөн», ­– дейді Орталық Қазақстанның туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығының басшысы.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүймелдеу бөлімінің басшысы Жанаргүл Құлмағанбетова облыстағы Шахан және Долинка өңірлерінің ахуалы айтарлықтай жақсы еместігіне назар аударды. Шахтинскіге қарайтын ауылдар аудан орталығы емес, тіпті моноқалаға да жатпайды. Дегенмен Карлаг музейі айтарлықтай табыс әкелетін, туристердің қызығушылығын оятатын жерге айнала алады. Сонымен қатар жергілікті қолөнершілер үшін кәдесый сататын арнайы орындар мен тамақтану орындарында ұйымдастырып, турситерге ыңғайлы жасау керек.

Майя Ағаділова бауырсақтар да айтарлықтай табысты болатынын атап өтті.

«Мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімнің іскерлігіне таң қаламын. Ол жақта форум өткен кезде бір бауырсақты 50 теңгеге сатты, қателеспесем, екі күндік форумда тек бауырсақ сата отырып, 1,5 млн теңге табыс тапты. Бұл біздің қолымыздан келмейді ме?! Шетелдіктерге ұлттық дәстүрлер, мысалы саморыннан шай ішіп, еттен жасалған түрлі тағамдардың дәмін тату қызықты».

Қауымдастық мүшелері кәсіпкерлердің туристерді Экспо өткеннен кейін де қайта келетіндей етіп қызықтыра алатындай қабілетті екеніне сенімді. Қауымдастық өңірдің туристік мүмкіндігін таныстыру үшін 32 елден  дипломатиялық миссия өкілдерін шақырып, «Сиқырлы Сарыарқа» тарихи-танымдық тур өткізуді жоспарлап отыр. Майя Ағаділованың айтуынша, халықаралық көрменің қарсаңында ақпараттық турды алғаш болып Қарағанды облысы ұйымдастырып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер