«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Үкіметі МЖС процедурасын жеңілдетуге қатысты бизнес пен Ұлттық экономика министрлігінің ұсынысын қолдады

2017 жылғы 12 Мамыр
6978 просмотров

ҚР Үкіметінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асырудағы негізгі мәселелер талқыланды

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Жиын барасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қатысып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жүзеге асырудағы негізгі жаңдай мен орын алған мәселелерді атап өтіп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік процедурасын оңтайландыруға қатысты бірқатар ұсынысын білдірді.

Басқарма Төрағасы атап өткендей, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық палатаның бірлескен атқарылған жұмысына және заңнамаға енгізілген өзгерістерге қарамастан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік процедурасы өте қиын күйінде қалып отыр, тіпті жалпы мерзімі қысқартылса да жобаны мақұлдау уақыты 200 күндей уақытты алады. Оның үстіне, барлық келісу процедуралары аяқталғаннан кейін, көп жағдайда МЖС жобалары қаржыландырылмайды.

«Тұжырымдаманы кемінде 30 жұмыс күні ішінде мақұлдайды. Негізінен мерзім бұдан да ұзағырақ. Осыншама қиын процедуралардан өткен соң, кәсіпкер көп жағдайда қаржыландыруды ала алмайды», – деді Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы.

«Атамекеннің» Басқарма Төрағасы қымбат тұратын тұжырымдамаларды анағұрлым мобильді құжаттармен алмастыруд, МЖС жобалары аясында ұзақмерзімді мемлекеттік сатып алуларды заңнамамен бекіту, қолда бар мемлекеттік қолдау шараларын осы жобаларға пайдалану, қолданыстағы заңнамада өтемақылық төлем процедураларын нақты регламентін әзірлеу, МЖС жобалары бойынша тарифті бизнестің нақты шығынына енгізу секілді бірқатар ұсыныстарын атап өтті.

«Тұжырымдаманы дайындау құны 1милионнан 50 млн теңгеге дейін құбылады. Оны, әдеттегідей, МЖС-ті сүймеледеу орталығы немесе жергілікті атқарушы органының ведомствоға бағынышты мекемесі дайындайды. Егер инвесторда балама тұжырымдама болса, ол төлемдіөз мойнына алады және ақша бұл жағдайда қайтарылмайды», – деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының жүзеге асырылу барысында орын алған кедергілер мен қиындықтарға нақтырақ тоқталды.

Тұжырымдамаға енгізілген көрсеткіштер тез ескіреді, ал оны түзету үшін қосымша қаражат керек әрі тағы да келісу керек. Бұл процесс көп ретте ұзаққа созылып кетеді және инвесторлар үшін маңыздылығын жояды. Кәсіпкерлердің айтуынша, МЖС Орталығы балама тұжырымдамаларды қарамастан, «құрылымға сәйкес емес», «хабарлама талаптарына сай емес»  деген қорытындымен қайтарылады», ­– деді Абылай Мырзахметов.

Сөз соңында Абылай Мырзахметов ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтан мемлекеттік-жекеменшік серістестік кестесін жеңілдету бойынша қанатқақты жобаны жүзеге асыруды бастау үшін тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруін сұрады.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің МЖС-тің жеңілдетілген кестесін жүзеге асыруға қатысты ұсынысын қолдап, қысқартылған кестені сала бойынша шектемей, жергілікті атқарушы органдардың барлық жобаларына қолдануды ұсынды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық палатаның пікірінше, құжаттарды келісудің жеңілдетілген тәртібімен жалпы мерзімді 2-3 айға азайтуға мүмкіндік береді, ал әрбір ауданда денсаулық сақтау мен білім беру саласында қанатқақты жобаны жүзеге асыру келесі жылдың ортасына дейін жүзеге асырылған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының қатарын 30 сәтті мысалға дейін арттыра түседі.

Жалпы, Ұлттық палата мен Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген тәсілдерді Үкімет пен өңірлер қолдады.

Қазіргі таңда бірлескен Жұмыс тобы нормативті-құқықтық актілерге аталған ұсыныстарды көрсететін өзгертулер енгізу, сондай-ақ МЖС жеңілдетілген үлгісі бойынша қанатқақты жобаларын жүзеге асыруды жеделдету жұмыстарын жүргізіп келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер