«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда кәсіпкер әйелдердің конференциясы өтті

2017 жылғы 11 Мамыр
- Ақмола облысы
10420 просмотров

Іскер әйелдер кеңесі бастамасымен Көкшетауда осы жылда алғашқы конференция өткізілді

«Іскер әйелдер кеңесі сынды платформаны құру бұл – уақыт талабы. Статистика көрсеткендей жыл сайын кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді. Қоғамға мақсаты айқын, қалыптасқан, белсенді, көмек қолын соза алатын іскер әйелдер қажет. Мәселен, су тасқынынан зардап шеккендерге Іскер әйелдер кеңесі мүшелері көмек қолын созып, арнайы акция ұйымдастырды», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Еркебұлан Баяхметов.

Айта кетелік, жергілікті әйел кәсіпкерлігін шоғыраландыру үшін Палата жанынан құрылған Кеңеске екі жыл толып отыр. Облыс аудандарындағы Іскер әйелдер кеңесі 2016 жылы ашылған.

Шара барысында іскер қыз-келіншектер тәжірибелерімен бөлісіп, жетістіктері туралы айтты. Ақкөл аудандық іскер әйелдер кеңесі төрайымы Ирина Айкенова аудандарында әйел қоғамдастығын құрғанын айтты. Ақкөл астана маңында жатқан аудан болып саналады, жергілікті әйелдердің экономикалық белсенділігі жақсы. Осы тұрғыда әйелдерге арнап аудандық кеңесте түрлі семинарлар мен тренингтер өтеді.

Құрылыс саласында біраз жетістігі бар Әмина Әділбекова жақында Ресейде танымал «Бизнес-молодость» атты бағдарламаны қолданып жүр екен. Бұл жоба бойынша практика,  сартап, бизнесті дамыту бойынша білім ғана емес, сонымен қатар  жеке тұлғалық қасиеттерді арттыруға болады.

ӨКП директорының орынбасары Фатима Герфанова  қолдау бағдарламалары туралы айтып, аудиторияға электронды сауда алаңын қолдануға кеңес берді. Онда мемлекеттік мүлікті жалға ала отырып, бизнес ашу туралы ақпарат жазылған. Конференция барысында үнқатысу алаңынан бөлек, кәсіпорынға қызметкерлерді таңдау бойынша шеберлік сабағы, пікір алмасу, ағымдағы есепті тапсыруға көңіл бөлінді. 

«Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесі мүшелері түрлі салаларда еңбектеніп келеді: ауыл шаруашылығы, құрылыс, мейрамахана мен қонақ үй бизнесі, сұлулық индустриясы және т.б. Әрине, олардың әрқайсысы жақсы тәжірибеге ие, сондықтан бизнесті қалай жүргізу, орын алуы мүмкін тәуекелдер жайлы хабардар. Дегенмен, мәселелер де жоқ емес. Көбіне терең білім мен ұйымдастыру машықтары жетіспейді. Біздің мақсат – әйел кәсіпкерлігі алдында тұрғаны нарықтық түйткілдерді шешу, кәсіп ашуға ынтасы бар қыз-келіншіктерді қатарымызға қосу, іскер әйелдер бизнесін насихаттау, іскер әйелдің имиджін қалыптастырып, ойлары бір жерден шығатын белсенділердің командасын құру болып табылады», – деді Кукаршин Бексұлтанова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер