«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесі мүшелері көшет отырғызды

2017 жылғы 06 Мамыр
- Ақтөбе облысы
10922 просмотров

Іскер әйелдер аллеясында еменнің 40 көшеті отырғызылды 

Ақтөбе қаласының белсенді келіншектері туған қаланың абаттандыру мен көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бүгін 0,8 гектар жерде еменнің 40 көшеті отырғызылды. Кәсіпкерлер жер қазып, кішкентай көшеттерді жерге салып, суғарды. Бұл игі іске олар аса жауапкершілікпен қарады, емен ағашы да кездсейсоқ таңдалған жоқ, өйткені бұл ағаш өміршеңдігі және беріктігімен танымал. Абаттандыру жұмыстары аясында аула тазалау, қоқысты жинау жұмыстары да атқарылды. Тазалауға берілген жер учаскесі жергілікті әкімдікпен бөлінді.

Іскер әйелдер кеңесі мүшелері бұғанасы әлі қатпаған нәзік ағаш көшеттерін қорғау міндеті тұрғанын жеткізді. Олар жас емен бұтақтарын қорғауды өз қарауына алды. Іскер әйелдер қала тұрғындарын өздерінен үлгі алуға, қала көркейтуге үлес қосуға шақырды. Жұмыс өте көп: мәселен, тұрғындар өз үйлерінің аулаларын ретке келтіруге атсалысып, 1 ағаш отырғызуы керек.

 «Қаланың әр тұрғыны абаттандыру жұмысына атсалысса, облыс орталығы құлпыры кетер еді. Ал осы үдеріске қатысқандар қала көркіне қарап тамсанып, үлес қосқандарын мақтанышпен айтар еді», – деді Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесі төрайымы Күлпаршын Айдарханова.

Көктемгі күн жақсы көңіл күй сыйлап, табиғатпен сырласуға жол ашты. Жалпы акция жақсы нәтижемен аяқталды.

«Бүгін мына жіңішке жас ағаштарға қарап, олардың болашақта үлкен саялы ағаш болатынын елестетіп көру ғанибет. Болашақта ағаштар көрікті жерге айналып, балаларымыз бен немерелерімізді күн көзінен қорғап, демалыс аймағына айналады», – деді ӨКП бөлім бастығы Дәмиля Құнанова.

Аллеяға ағаш егу Іскер әйелдер кеңесінің әйелдер кәсіпкерлігінің мәселелеріне арналған бизнес форумы аясында ұйымдастырылды. Бизнес форум 11 мамыр күні өткізіледі.

 Айта кетелік, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі 2015 жылдың наурызында құрылған. Бүгінде кеңес құрамында 32 кәсіпкер бар. Кеңестің басты мақсаты – іскер қыз-келіншектерге барынша қолдау көрсету, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. Кеңес аясында үнемі түрлі семинарлар өткізіліп, бизне- кездесулер ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер