«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Данияр Абылғазин: «Жанармай саласындағы мәселелерді шешу арқылы шағын бизнесті қорғаймыз»

2017 жылғы 20 Сәуір
- Астана қаласы
11430 просмотров

«Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысында жанармайдың маусымдық тапшылығы көтерілді

«Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 21-отырысында ҰКП Мұнай-газ өндірісі Комитетінің хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша есебі жасалып, 2017 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді.

Шараға «Атамекен» ҰКП  Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Абылғазин, «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «KAZENERGY» қауымдасытығының бас директоры Болат Ақшолақов,  «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, «сондай-ақ, мұнай мен газ саласына қатысты бар органдар өкілдері қатысты.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Жанекенов  ҚР жаңа Салық кодексі шеңберінде жер қойнауын пайдалануышардың салық салу жүйесін реформалау бойынша баяндаама жасады.   

Отырыс барысында жанармай бекеттеріндегі маусымдық тапшылық мәселесі көтерілді. Бұл түйіткіл жыл сайын қайталанады. Айта кетелік, 2017 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Энергетика министрлігі автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін бөліп беруді алып тастады, осының салдарынан шағын автожанрамай құю станциялары өнімнің қажетті көлемін ала алмай отыр. Осы жаңа ережеге дейін жанармай бекеттері ай сайын тұрақты түрде қажетті өнімді тікелей өндірушілерден алып, қамтылып отырған.

Мұнай өнімдерін бөліп беру тоқтатылғаннан соң өндірушілер айналысында көтерме жеткізушілер мен делдалдар қаптап кеткен. Олар «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС АЖҚС стелласында бекітілген бөлшек бағасына сай бағада мұнай өнімдерінің шексіз көлемін ұсынып отыр.

«Бұл бағада өнім сатып алған шағын автожанрамай құю станциялары шығынға батып отыр. Ал ірі  жанармай құю бекеттері өндірушілерден төмен бағамен өнім сатып алады әрі өнімді қажетті көлемде алып отыр. Демек шағын станциялар бәсекеге қабілетсіз.  Егер аталмыш жағдай реттелмесе шағын бизнес өкілдері банкротқа ұшырайды», – деді Қазақстанның отын қауымдастығыбасқарма төрағасы Болат Әуетаев.

Болат Әуетаев  мәліметінше Қазақстан территориясында  4 000 жанармай құю бекеттері жұмыс істейді. Олардың ішінде «ҚазМаұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС,  «Газпромнефть Казахстан» ЖШС сынды ірі компанияларға 1000-ға жуық АЖҚС тиесілі. Орта өңірлік компанияларда 1000-ға жуық АЖҚС бар. Қалған 2000 АЖҚС шағын жанармай құю станцияларына тиесілі.

«Шағын әр компания меншігінде 1-10-ға дейін ғана жанармай құю станциялары бар. Әр шағын бекетте 10-15 адам жұмыс істейтіні ескерсек, олардың барлығы жұмыссыздар қатарын көбейтуі, ал мемлекеттік қазынаға кіріс азаюі мүмкін» – Қазақстанның отын қауымдастығыбасқарма төрағасы. Қауымдастық ішкі нарықта бағалардың көтерілуі мен тапшылықты жою сапаны көтеру үшін сырттан франшизаларды тартуды ұсынды.

Бұған отырыстың модераторы  «Атамекен» ҰКП  Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Абылғазин  аталған мәселені шешу үшін Қазақстанның отын қауымдастығына, «Атамекен» ҰКП мен «KAZENERGY» қауымдастықына бірігіп, мәселерді талқылауды ұсынды.

«Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында, қажетті шара қолдану үшін Министрлікпен берлесіп, тапшылық мәселесін шешуді қазірден бастап қолға алу керек, әйтпесе саладағы шағын бизнес кластерін әлсіретіп аламыз. Мәселен ішкі нарыққа франшизаларды тарту арқылы біз жанармай құю бекеттерін жаңа деңгейге көтереміз, бағаны реттеп, бәсеке ортаны қалыптастыра аламыз», – деді Данияр Абылғазин.

Отырыста сонымен қатар мұнай өнімдері өндіретін өнеркәсіптерде, базаларда, станцияларда есепті жүргізу үшін бақылау құралдарын орнату,  ішкі нарықта табиғи газ бағасын төмендету, Орталық Қазақстанды табиғи газбен қамту мәселесі көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер