Мектепке дейінгі мекемелерді дамыту мәселесі қалай шешілуде?
Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі мекемелердің күрделі мәселелері талқыланды
Орал өңірінің кәсіпкерлері, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің басшылары БҚО-дағы мектепке дейінгі және орта білім берудің мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің қалыптасу мәселелерін талқылады. Мәселені талқылауда ерекше мән берген жағдай ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың қатысқаны болды.
Болат Әбілқасымұлы бұл турасында жекеменшік мектепке дейінгі және орта мектептердің мәселесі Батыс Қазақстан облысында ғана емес деді. Мұндай мәселелер Қазақстанның барлық өңірлерінде бар. Мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі мекемелерді жан басына шағып жоспарлау және қаржыландыру нормативінің, ата-аналардың төлеу ақысының мөлшерін белгілеудің болмауы және қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелер мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмыс істеуі мен дамуына кедергі келтіреді. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің медициналық қызмет көрсету мәселесі және т.б.
Бизнес-омбудсмен білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікте нормативтік база дұрыс жетілмегендіктен көптеген мәселелер туындайды деді.
«Кейбір мәселелерді жою мақсатында кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты республикалық және өңірлік деңгейде көптеген жұмыс атқаруда», – деді Болат Палымбетов.
Бизнес-омбудсмен мысал ретінде мынаны айтып кетті – Оралдың мектепке дейінгі мекемелерімен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасудан бас тартқан кезде, бұл мәселе БҚО кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің ақпандағы отырысында көтеріліп, талқыланғаннан кейін ғана оң шешімін тапқан еді.
Болат Палымбетов кәсіпкерлерге жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерді дамыту мәселелерін шешу үшін қандай қадам жасалып жатқандығын айтып берді. 41 санитарлық ереже талданып, 11 543 талап бары анықталды. Осы тексерілген талаптардың 9 172-сі алынып тасталсын деп шешілді (шамамен 80%), тиісінше тек 2 371 (20%) ғана сақталады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар басында әріптестік жайында сөз қозғағанымен әңгіме барысында көптеген позициялар бойынша мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасындағы шарттар теңсіздігі байқалды.
Кәсіпкерлердің құығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы Хайдар Қапанов МЖӘ туралы заңның өте қажет екенін айтты. Дегенмен технологиялық бөлігіне әлі де біраз түзетулер енгізу керек.
«Заңның технологиялық бөлігіне түзетулерді тәжірибелік ескертпелерді есепке ала отырып енгізу керек. Сондықтан да, өткізілетін осындай дөңгелек үстелдер заңға түзетулер енгізерде ескертпелер мен ұсыныстар көзіне айналуы керек, – дейді Хайдар Қапанов – Тек осындай жағдайда ғана толыққанды серіктестік болады. Ал әріптестік жоқ жерде МЖӘ да жоқ».
Толығырақ: http://palata.kz/ru/news/26139
Пікір қалдыру:
Пікірлер: