«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада Іскер әйелдер кеңесі кәсіпкерлік негіздерін оқытты

2017 жылғы 12 Сәуір
- Қызылорда облысы
11009 просмотров

Қызылорда кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі «Әйелдерге арналған бизнес» білім беру жобасының аясында 200-ден астам қыз-келіншекті тегін оқытты

Бұл туралы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова хабарлады

«Қыз-келіншектерге арналған арнайы апталық ұйымдастыруымызға аймақтағы нәзік жандылардың сұранысы себеп болды. Алғаш кеңес жұмысын қолға алғанда өз кәсібін ашқысы келетін жандарды көрдім, бірақ басым бөлігінде қорқыныш бар. Неден бастау керектігін, қайда бару қажеттігін біле бермейді», – дейді Жанна Аманова.

Қызылорда Іскер әйелдер кеңесі биыл тың бастаманы қолға алып, жұмысын жүргізіп жүрген кәсіпкерлер пен, кәсіпкер-тәлімгерлерді шақырып, оқу-тәжірибелік жұмыстарын жүргізді, олар кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретті. Қызылордалық кқптеген қыз-келіншектер бизнес-идеяларын анықтап, білімберу жобасының келесі кезеңіне қатысуға ықылас білдірді.

«Аймақта кәсіппен айналысатын келіншектер қатарын көбейтуға белсенді атсалысып, апталықтың оқыту курстарында тегін мастер-кластар өткізген облыстық Ііскер әйелдер кеңесінің мүшелеріне алғысымды айтқым келеді. Апталық 1-30 наурыз аралығында өтті. Қорытынды шараны Іскер әйелдер кеңесінің 2 жылдығы аясында өткіздік. Бұл шара одан әрі кәсіппен айналысуға дайын, икемі бар қыз-келіншектердің тізілімін қалыптастыруға сеп болды. Енді алда «Қыз-келіншектер бизнесі» атты оқыту жобасын қолға алып жатырмын», – деді Жанна Аманова.

«Қыз-келіншектер бизнесі» жобасы аясында осы жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында бизнес-тәлімгерлер тегін оқыту тренингтерін өткізетін болады. Шара демалыс күндері сағат 15.00-ден 18.00 аралығында өтеді.

Бұл туралы Жанна Аманова: «Қыз-келіншектер бизнесі» жобасына наурыз айында өткен апталық барысында түскен 180 өтініштің ішінен 100 анкета иесі таңдалып алынды. Бүгінде анкеталарға сай топтар құрылып, тәлімгерлер анықталды. Кәсібін жүргізген азаматшаларға Кәсіпкерлер палатасы тарапынан да тегін сервистік және өзге де қызметтер көрсетілетін болады. «Қыз-келіншектер бизнесі» жобасы 6 мамыр мен тамыздың соңына дейін өтеді. Апта сайын өткізілетін тренингтерде қатысушылар бизнес саласында жетістікке жеткен азаматтар Раушан Базарбай, Мәдина Төлепова, Қанат Худжабергенов, Әсия Қирбаева, Ақмарал Баймаханова, Наталья Мишукова сынды азаматтардан дәріс алатын болады», – деді Қызылорда Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер