«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сақтандыру немесе сақтандырмау – Ұлттық банктің туристік нарыққа жауабы

2017 жылғы 18 Наурыз
10525 просмотров

Қазіргі уақытта Ұлттық банк «ҚР сақтандыру мен сақтандыру қызметі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын жасады

Алғашқы талқылау Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізіліп, оның қорытындысы бойынша Заң жобасында қарастырылған туристік қызмет пен тексерулер саласындағы негізгі мәселелер қалыптастырылды. Аталған мәселе бойынша ҚР Ұлттық Банк түсіндірмесін келтірейік.

Заңнама жобасы қай уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінің қарауына беріледі? Өзгертулер күшіне қашан енеді деп күтіледі?

Қазақстан Республикасы Президентінің 06.09.2016 жылғы №314 «Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымы)» Жарлығына сәйкес Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына беру мерзімі – 2017 жылдың екінші жартыжылдығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №195 «Қазақстан Республикасының 2017 жылға арналған заңжобалық жұмыстарының жоспары туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Заң жобасын беру мерзімі – 2017 жылдың мамыр айы, Қазақстан Республикасы Үкіметіне – 2017 жылдың шілде айы, Қазақстан Республикасы Парламентіне – 2017 жылдың қыркүйек айы.

Заң жобасы «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ алаңында сақтандыру және туристік нарықтың кәсіби қатысушыларымен, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне қарауға беруге мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі керек.

ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 42-бабы 3-тармағы 1) тармақшасында егер сол актілерде немесе енгізу туралы актілерде олардың қолданысқа енуінде басқа мерзім көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері оның ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енетіні бекітілгенін атап өтті.

Егер азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру келісімшартының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда туроператорлық немесе турагенттік компаниялар не істеуі керек? Заңдамадағы өзгертулерді ескере отырып, жаңа келісімшарт жасау дұрыс па?

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 4-тармағында туроператор мен турагент туристік қызмет көрсетуге жасалған келісімшарттан туындаған азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға міндетті деп көрсетілген.

«Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 7 баптарының 1-тармағына сәйкес (ары қарай – туроператордың немесе турагенттің АҚЖ Заңы) міндетті сақтандыруға туристік қызмет көрсету бойынша қызмет атқаратын туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігі жатады. Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасамай туроператор және турагент туристік қызмет көрсету бойынша қызмет атқаруға құқығы жоқ.

Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талабына сәйкес, туристік қызмет көрсетуді жалғастырып отырған турагент турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасауға міндетті.

Егер компания бір жыл мерзімімен АҚЖ жаңа сақтандыру келісімшартын жасаса, ал бір жыл ішінде өзгертулер енгізілген жаңа Заң қабылдандағ онда аталған келісімшарт жарамсыз болады. Компания келісімшарт аясында төленген сақтандыру сыйақысынның бөлшегін қайтаруға сенуіне болады ма?

Туроператордың немесе турагенттік АҚЖ Заңының 9-бабы 2-тармағында туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты оның күшіне ену күнінен бастап он екі ай мерзіміне жасалады деп айтылған. Сақтандыру қорғанысының қолдану кезеңі туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартының қолдану мерзімімен сәйкес.

Туроператордың немесе турагенттің АҚЖ Заңының 12-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес сақтандырушы туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтауға құқылы.

Туроператордың немесе турагенттің АҚЖ Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген жағдайларда тоқтатылады (ары қарай– ҚР АК)

ҚР АК 841-бабы 1-тармағының 1) және 5) тармақшасында аталған Кодексте қаралған міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, сақтандыру келісімшарты сақтандыру нысаны бар болуын тоқтатқан, сақтандыру жағдайы қажет болмаған, сақтандыру жағдайынан бөлек, өзге де жағдайлар бойынша сақтандыру қаупі тоқтатылған жағдайда жойылатындығы бекітілген. Көрсетілген жағдайларда келісімшартты тоқтатуға негіз болады деп қарастырылған жағдайлар туындаған сәтте келісімшарт тоқтатылды деп есептеледі, мүдделі тарап екінші тарапты кешіктірмей ескерту керек.

Туроператордың немесе турагенттік АҚЖ Заңындағы түзетулерге сәйкес болжанылады:

  1. Туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін емес, дәл шетелге шығатын туристі және оның мүмліктік мүддесін міндетті сақтандыру нысанына бекіту;
  2. Шетелге шығу болжанатын немесе саяхат мерзіміне байланысты таңдалынатын міндетті сақтандырудың бірнеше бағдарламаларынан біреуін таңдау арқылы шетелге шығатын туристің міндетті сақтандырылуын (сақтандырылушы) туроператордың (сақтандырушы) жүзеге асыруы.

Туроператордың немесе турагенттің АҚЖ заңының 11-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жағдайға қарай Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен бекітілген туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында сақтандыру күшінде болған тепе-тең уақытта сақтандырушы сақтандыру сыйақысының бөлігіне құқысы бар.

Айтылғанды ескере отырып, туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтатудың құқықтық негіздері туындаған жағдайында сақтандырушыға келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрынырақ төленген сақтандыру сыйақысының бөлігін қайтару құқығын жүзеге асыру мүмкін деп болжаймыз.

Жаңа заң туроператор өз міндеттемесін орындамаған жағдайда турист пен турагенттің құқығын қорғай ма? Турис шығынын өтеу механизмі қандай болады? Мысалы, «Гүлнар-тур» ЖШС жағдайында туристер тургенттерді сотқа берді, себебі туристік қызмет көрсетуге келісімшарт дәл турагенттермен жасалған еді. Сот турагенттер шығын өтеу керектігі туралы шешім шығарды және сол туристер берген құжаттың негізінде турагенттер сақтандыру төлемін алу үшін сақтандыру компанияларына жүгіне алды. Жаңа заң жобасында осындай жағдай қалай қарастырылған?

ҚР АК 839-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес сақтандырушы егер бірнеше салдардан орын алған болса, сақтанушыға сақтандыру төлемін толықтай немесе бөліктерінен бас тартуға құқылы:

1) қорғану қажеттілігіне немесе аса қажет жағдайда жасалғаннан басқа, сақтандырушының, сақтанушының және (немесе) пайда көрушінің сақтандыру жағдайының туындауына немесе оның болуына бағытталған қасақана әрекеті;

2) сақтандырушының, сақтанушының және (немесе) пайда көрушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген сақтандыру жағдайымен себепті байланыста болған қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық деп танылған әрекеттер.

Осылайша туроператор егер сақтандыру жағдайы туристік қызмет көрсету келісімшартындағы кез келген тараптың қасақана әрекетінен болған жағдайда АҚЖ сақтандыру сақтандырушының шығынын өтемейді.

Туристік қызмет туралы Заңы 17-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес туристік қызмет көрсету келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Гид (гид-аудармашы) және экскурсия жетекшісі жасайтын келісімшарттан бөлек, туристік қызмет көрсету келісімшарты жазбаша түрде жасалады және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуі тиіс.

Туристік қызмет көрсетуге келісімшарттың елеулі шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен үлгілік шартпен жасалады.

Турист қызмет туралы Заңның 18-бабы 1-тармағымен туристердің шығыны мен моральдік зиянын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны реттелген (ҚР АК 951 және 952-баптар).

Туристік қызмет туралы Заңның 17-бабы 12-тармағына сәйкес басқа елге жеткенде немесе маршрут бағыты келісімшарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті іске асыратын тұлға келісімшарт талаптарын тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылы №81 бұйрығына сәйкес туристік қызмет көрсетудің үлгілік шарттың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Келісімшарт бойынша қызмет сапалы әрі уақытында көрсетілуі керек.

Үлгілік шарттың 22-тармағына сәйкес туристік қызмет көрсету сапасының және (немесе) көлемінің Келісімшарт талабына сәйкес өзге елге келуі немесе бағытты сақтауы бойынша Келісімшарт талабын тиісті орындау жауапкершілігі жүзеге асырылатын туристік өнімді қалыптастыратын туристік операторға жүктеледі

Туристік қызмет туралы Заңның 15-бабы 3-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөлігінде турагент туристерге тек туроператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырған туристік өнімді өткізеді және жүзеге асырады.

Туристік өнімді турагент туроператормен жазбаша түрде бекітілген туристік өнімді өткізуге арналған агенттік келісімшарты негізінде жүзеге асырады.

Туроператор мен турагент арасында туристік өнімді өткізуге арналған агенттік келісімшартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімі туралы, сондай-ақ әрбір тараптың турист алдындағы туристік өнім жайлы күмәнді ақпаратты беру немесе бермеу, келісімшарт бойынша туристік өнімді, туристік маршрутты, туристік өнім туралы расталған ақпаратты жүзеге асыру туралы орындамау немесе лайықсыз орындау жауаркершілігі туралы мәліметтер жазылуы тиіс.

Айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, әрбір тараптың (туристің, турагенттің, туроператордың) құқығы мен міндеті келісілген қатынастардың аясыда реттелген.

Мұнымен қоса, Қазақстан Республикасында 2016 жылдың қазан айынан бастап көшпелі туризм саласында Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді әрі жүмыс істейді, оған кіретіндер:

1) мемлекет территориясынан уақытша тұру үшін Қазақстан Республикасының аумағына авикөлікпен, темір жол, автомобиль немесе су көлігімен әкету;

2) Қазақстан Республикасының аумағына әкетуді бастағанға дейін қонақ үйге орналастыру мен уақытлы тамақтандырумен қамтамасыз ету;

3) уақытша болатын елдегі орналасқан жерден Қазақстан Республикасының аумағына әкететін орынға дейін жеткізу.

Туроператордың немесе кеме жалдаушы-туроператордың туристік қызмет көрсету келісімшартының талаптарын орындамағын немесе лайықты деңгейде орындамағаны үшін міндеттемесінің бөлігі Жүйенің әкімшісіне жүктеледі, Жүйе қызмет ету механизімінің бөлігінде ары қарай жетілдіру қажеттілігі туындайды:

  1. Туроператордың немесе кеме жалдаушы-туроператордың туристік қызмет көрсету келісімшартын орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағанынан Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша болатын елдің территориясына кетіп қалмауынан қорғауды қарастыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру аясын кеңейту;
  2. Көшпелі туризм саласында қызмет атқаратын туроператорлар мен кеме жалдаушы-туроператорларға сыртқа шығатын туристерді жеткізу үшін қолданылатын көлік түрі (әуе, темір жол, автокөліктік, су) мен жылына туристік өнімдерді сату көлеміне қарай банктік кепілдікті қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын қайта қарау.

Орын алған жағдайды сараптай келе, туристік саладағы сақтандырудың дамытуды тежейтін бірқатар мәселелер анықталды, олардың ішінде шетелге шыққан кезде турист ұшырайтын және сақтандыру мекемелері өтеуі керек сақтандыру қаупі тізімінің болмауы, туристік мекемелердің сақтандыру жағдайын болдыртпауға және Жүйе механизмі мен сақтандырудың қайталануын, қауіптерге жол бермеуге қызығушылық танытпау. Сондай-ақ, бүгінгі таңда орын алған қалыпта туропертордың немесе турагенттің АҚЖ міндетті сақтандыру туристер мүддесіне сай келмейді.

Туроператордың немесе турагенттің АҚЖ Заңындағы түзетулермен сәйкес туристі міндетті сақтандырудың әрбір бағдарламасына шетелге шығатын турист ұышатауы мүмкін деген негізгі сақтандыру оқиғалары кіргізілген, оның ішінде төтенше оқиға, науқастану, туристің қайтыс болуы, жол жүруден бас тарту/мерзімінен бұрын қайтып келу, халықаралық рейстің кідіртілуі, шет елде туристік азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындауы және т.б., сондай-ақ, уақытша болу еліне байланысты сақтандыруышы жауапкершілігінің түрлі лимиттер қарастырылады.

Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап етуді сақтандырушы да, турис те сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды көрсете отырып ұсына алады.

Сақтандыру деп қабылданатын сақтандыру қауіптері бойынша сақтандыруды өтеу шарттары туралы ақпарат, сақтандырушының байланыс мәліметтері, компаниялар ассистансы және өзге де қажетті мағлұматтар туристке берілген қолданыстағы сақтандыру қорғанының бар екенін растайтын сақтандыру сертификатында көрсетілетін болады.

Бүгінгі уақытта Заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілу кезеңінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер