«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің дамуына не кедергі?

2017 жылғы 13 Наурыз
- Ақмола облысы
9138 просмотров

Кәсіпкерлер тексеруді азайту бойынша мәселе көтерді

Бизнесті тексеру кезінде айтарлықтай шығын мен уақытты кетірмей, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне араласуын азайтып, оның дамуына мүмкіндік жасауға бола ма? Осы және өзге де түйткілді мәселелерді Өңірлік палата алаңында өткен басқосуда көлік саласынддағы мемлекеттік органдар мен бизнес-ортаның өкілдері талқылады.

Кәсіпкерлерде біршама сауалдар мен шағымдар жинақталып қалған. Әсіресе, тексерулерге қатысты сұрақ көп. «Кейде жұмыс істеудің орнына біз тексерушілерді қарсы алып, түсіндіру жұмыстарымен айналысамыз, ең алдымен қажетті құжаттарды дайындаймыз. Ал бұл кәсіпорынның қызметін тежейді», – деп шағымданды кәсіпкерлердің бірі.

«Әкімшілік қысым – бизнестегі жүйелі мәселелердің бірі. Көп жағдайда тексеруге салық пен еңбекақыны уақытылы төлеп отырған адал бизнеспен айналысатындар ұшырайды. Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалаушы қызметін қайталау өз үлесін қосады, нәтижесінде бизнесмендер олардың алдында қорғансыз», – деп мәлімдеді ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко.

Пікірталас барысында «Бика» ЖШС өкілі Марат Садуақасов салмағы ауыр жүкті автокөлікпен жеткізу саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандартын қайта қарау туралы бастама көтерді – арнайы рұқсат берудің тәртібі мен мерзімін, жүк тасымалы кезінде көліктің параметрлерін өзгерту, айыппұл мөлшерін азайту.

Бизнесмен Владимир Свидерский жүк жеткізу кезінде шектік ұйғарынды жүктемені білікке бөлуді ұсынды. Бүгінде ол шамамен он тонна. Владимир Свидерскийдің айтуынша бұл көрсеткіш шығынды үстемелейді, сондай-ақ бақылаушы органдарға шот жазып беруге себепші болады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Расул Сыздықов Кәсіпкерлік кодекстен мемлекеттік статистика саласында құқықтық қатынастырды реттейтін 138-баптың 110-тармағын алып тастау керек деп санайды. «Статистикалық мәліметтерді уақытында өткізбеген жағдайда статистика органдары бұзушылық ауыртпалығымен сәйкес келмейтін айыппұл санкцияларын салады. Олар бақылау-қадағалаушы орган емес, ақпарат жинау бойынша уәкілетті орган. Олардың басты міндеті – бастапқы статистикалық мәліметтердің жинақталуын жүргізу. Мұндай жағдайда әкімшілік жауапқа тарту да жеткілікті», – деп атап өтті ол.

Көкшетау көлік прокуроры Расул Қожахметов бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігіне қол жеткізіп, жалпы жұмысының идеологиясын өзгерту деп түсіндіріп өтті. «Ең алдымен, кәсіпкерлік қызметтің қай саласына мемлекеттің араласпауын немесе оның араласуын азайту керектігін анықтау керек. Тексеру жүргізудің жалпы тәртібі таралатын тексерулерді реттеу, бұзушылық сипаты мен жауапкершілік деңгейінің сәйкестігін анықтау, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалаушы қызметтерінің қайталануын болдырмау керек», – деп нақтылады прокурор.

Кездесу соңында мәселені егжей-тегжейлі қарау үшін кәсіпкерлерге өз ұсыныстарын Көкшетеу көлік прокуратурасына жолдау ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер