«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес әділдікті қолдайды

2017 жылғы 06 Наурыз
- Алматы қаласы
6409 просмотров

Заңнамадағы өзгерістер және тек ол ғана емес

Алматыда «Кәсіпкерлік қызметтің жағдайын жақсарту үшін азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот жүйесі кәсіпкерлікке түсіністікпен қарауы үшін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Жоғарғы сот айтарлықтай орасан зор жұмыс атқарды. Нәтижесінде заңнамадағы өзгертулерге қол жеткізді. Бүгін Жоғарғы соттың өкілдері мен «Атамекен» ҰКП Алматы қаласының заңгерлерімен азаматтық іс жүргізу кодексіндегі жаңалықты талқылады. Конференцияға Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева, Атамекен ҰКП-ның басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов, Жоғарғы сот жанындағы халықаралық кеңес мүшесі, «Kazakhstan Bar Association» атты Қазақстанның коммерциялық заңгерлер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы Айгүл Кенжебаева және жеке компаниялардың заңгерлері қатысты.

ҰКП-ның басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсіновтің айтуынша, кәсіпкерлік қызмет пен іскерлік белсенділікті қолдау  және сыбайлас жемқорлықпен күрес, нормативтік реттеу тәсілдері бойынша қайта қаралып жатыр.

«Соңғы үш жылда көптеген лицензиялар мен шешімдерді азайту мақсатында  бірлескен маңызды жұмыс атқарылды. Осы уақытқа дейін мұндай шешімдер саны 1115-ті құраса, атқарылған жұмыстың арқасында бұл көрсеткіш 316-ға түсті. Сонымен қатар жоспарлы тексерулер де жойылды. Біз тәуекелді басқару жүйесіне көштік, соның арқасында тескеріс екі есеге азайды. Бірлескен күш-жігердің арқасында  қадағалау органдарының тексеру талаптарының санын азайтуға қол жеткіздік. Санэпидемологтардың тексеру парақтарында ескерту саны 82%-ға, Төтенше жағдайлар департаментінде 70%-ға кеміді. Және бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Негізі бақылаушы органдардың санын азайту керек.  Мемлекеттік аппараттың жұмысы, қудалаудың орнына профилактикалық болып қайта құрылуы керек. Біз мемлекеттік органдарға тұтынушыларды қадағалау барысында KPI индикаторын енгізуді ұсынамыз. Олардың қызметіне  кәсіпкерлер ғана емес азаматтық қауымдастық та баға бере алуы керек», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Кәсіпкерлер атап өткендей, сот әрдайым біркелкі сот тәжірибесін ұстана бермейді. Әртүрлі компанияларға бір ғана жағдайға байланысты әртүрлі шешім шығарады. Жоғарғы соттың өкілдері кәсіпкерлерді «Сот актілерінің жаңа банкі» ашылғандықтан мұндай мәселе айтарлықтай азаяды деп сендірді. Әзірше ол пилоттық режимде жұмыс істейді. Іздестіру қызметінде 2016 жылы заңды күшіне енген бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған  сот шешімдері (үкімдері) қолжетімді болды. Жоғарғы сотта енді іздестіру қызметінде 2015 жылы шығарылған сот актілері мен Жоғарғы сот актілері де қолжетімді болады деп сендірді.

Төрелік және аралық сот талқылау орталығының бас хатшысы Асқар Қалдыбаевтың айтуынша, мінсіз заңнама болған күнде де, сот оны дұрыс қолданбауы мүмкін, яғни мүлде басқа әсер қалады. «Бүгінде көптеген төрелік сот бар, алайда барлығы өз қызметін адал атқарады деп айта алмаймыз. Мысалы, кейде заң мен әдеп нормаларының бұзылуына жол беріледі. Кейбір төрелік сотта жылына үш мыңнан астам шешім шығарылады. Құдды конвейер дерсің. Осы жылдың 27 ақпанында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізілді, осыған орай төрелік келісімдерден бас тарту мүмкіндігі туралы норма алып тасталды. Бұл аталған заңның ең көп сыналған нормасы еді. Біз инвесторларды мейлінше көп тартуға тырысуымыз керек, дауларды шешу кезінде кәсіпкерлер қанағаттандырылуы тиіс», - деді Асқар Қалдыбаев.

Жоғарғы сот өкілдері өз қызметтерінде көптеген жаңалықтар бар екендігін айтты. Барлық сот мәжілісінің залдарында бақылау камералары орнатылды. Енді сот процесін онлайн қадағалау мүмкіндігі туды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер